Біздің мақсатымыз» мақаласы бүтіндей бір басылымның жабылуына не себепті түрткі болды?
Аталмыш мақала сол кезеңдерде біраз орыс чиновниктерінің ашуын тудырғаны рас. Олай дейтін себебім, 1907 жылы жарық көре бастаған «Серке» газеті осы мақала халық арасына тарағаннан бастап патша өкіметі тарапынан жабылып қалуы. Мақаланың саяси астарына үңілсек, кең жазиралы мекені бар қазақ халқын атамекенінен қуып қана қоймай, тілінен, дінінен, салт-дәстүрінен айырғысы келген сорақы әрекеттерін байқауымызға болады. Ресей өз жерінде көбейіп келе жатқан мұжықтардан құтылу үшін қазақтың шұрайлы жерлерін тартып әперіп, елімізге жаппай қоныс аудартады. Дінімізді мазаққа айналдырып, түрлі кітаптарымызды аяқ асты етті.Мақаланы оқи отырып Ресей бодандығының әлі де жайлап келе жатқаны айқындалады. «1907 жылы осы қалада шығып тұратын «Серке» атты газетке өлең мен мақаласы жарияланып, сол үшін патшан…


