
ракция мүшесі Е.Айнабеков.
"Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!" Сайлауалды бағдарламасының толық жүзеге асырылуына үлес қосу өзімнің депутаттық міндетім деп санаймын. Бұған дейінгі шақырылымда депутат болған кезімде де " Nur Otan " партиясының сайлауалды бағдарламасының орындалуына үлесімді қостым. Ауданды дамытуға, тұрғындардың тұрмыс жағдайын арттыруға бағытталған бағдарламаның Жол картасын бүгінгі фракция отырысында талдадық. Бәрі қол жетімді, ойға қонымды, тек береке- бірлікпен еңбек етіп, аудандағы білікті, білімді басшыларға қолдау жасап, уақытты тиімді пайдалануымыз керек. Зайсан аудандық мәслихат депутаты Е.А.Айнабеков
Фракция мүшесі.
Бүгін кезекті фракция отырысында "Nur Otan " партиясының "өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!" Сайлауалды бағдарламасының Жол картасын талдап, бекіту үшін Саяси Кеңес Бюросына ұсындық. Жол картасында алдағы бес жылда атқарылатын бағдарламадағы жұмыстардың мерзімі, жұмыс көлемі, қаржысы, жауапты сала басшылары мен үйлестіруші депутаттар нақты белгіленген. Жол картасы бойынша алдағы бес жылда 308 іс- шараны жүзеге асыру жоспарланса, оның 78- ін осы ағымдағы жылы жүзеге асыру көзделіп отыр. Оның ішінде аудандағы әлеуметтік нысандарды газдандыру, тұрғын үй салу, жол жөндеу, жаңа нысандар ашу, "Ақ Ниет" бағдарламасы аясында жобаларды жүзеге асыру, өзге де ауқымды шаралар тұр. Алдағы уақытта партия беделін көтеру үшін бағдарламада аталған іс- шаралардың көрсетілген мерзімде жүзеге асырыл…
Фракция мүшесі.
Бүгінгі фракция отырысында "Nur Otan" партиясының Сайлауалды бағдарламасының Жол картасын талдадық. Жол картасы- біздің партияның сайлаушыларға, халыққа берген уәдесіне апаратын жол, біздің, нұротандық депутаттардың, алдағы бес жылдағы атқаратын жұмыстарымыздың өзегі. Аудандық филиал төрағасы бізге бүгін үлкен міндет жүктеді. Сайлауалды бағдарламаның жоспарлы жүзеге асырылуына үлес қосу, жұмыстардың атқарылуына бақылау жасау, тиісті сала басшыларымен өзара бірлесе жұмыс жүргізе отырып, олардың есептерін тыңдау, өз міндетіне жауапкершілігін төмендеткен жауапты адамдарды фракция отырысында қарау - алдағы атқаратын жұмыстарымыз болады. Халық қалауымен, көпшілік дауыспен жеңіп шыққан партия беделін түсірмеу үшін барлық фракция мүшелерін белсенділікпен жұмыс атқаруға шақырамын. АБЫЛГОЖИНА САУЛ…
Облыстық мәслихат депутаты Қабылдауы.
Облыстық мәслихат депутаты А.Ахметсәлімқызы 12 ақпан күні сағат 14.00 де аудандық филиал ғимаратында қабылдау өткізеді.
Кездесу өтті
Бүгін "Nur Otan" партиясының мәжіліс залында мүгедектігі бар азаматтарды жұмысқа орналастыру (2-4%) квотасының сақталуы, оларды негізсіз жұмыстан шығару фактілеріне жол бермеу, еңбек құқықтарын сақтау және оларды әлеуметтік ортаға тартудың маңыздылығы туралы түсіндіру мақсатында еңбек ұжымдарының басшыларымен кездесу өтті.

Жеке қабылдау.
Құрметті Зайсан аудан тұрғындары! 2021 жылдың 15 ақпан күні сағат 15.00 - де Зайсан аудандық мәслихатының депутаты Г.Б. Нурасыл жеке ҚАБЫЛДАУ ЖҮРГІЗЕДІ. Зайсан қаласы Шаймардан 23 А ғимаратына келулеріңізге болады.