ru
Default banner
Разное
426 450 жазбалар45 тіркелуші
Всяко-разно
0

Nur Otan: Медиаторлар азаматтарды қабылдауда

«Nur Otan» партиясы Шығыс Қазақстан облыстық филалының қоғамдық қабылдаунда ШҚО Өскемен қаласындағы Халықаралық құқық қорғау орталығының ресми өкілі, заңгер-кәсіби (сот) медиатор Кусаинов Серик Сагатович азаматтарды қабылдады.

Еске салар болсақ өткен аптада «Альтернатива» медиация және құқық орталығының кәсіби медиаторы Шалғазина Шолпан Ақзамбекқызына еңбек дауы бойынша 2 өтініш түскен болатын. Нәтижесінде екі өтінште оң шешімін тапты.

Біріншісі қызмет көрсету шарты бойынша тапсырыс беруші орындаушыға орындалған жұмыс актісі бойынша 120 000 теңге төледі.

Екіншісі қызметкердің пайдаланылмаған демалысы бойынша өтемақыны төлеу туралы өтініші қараусыз қалды, өйткені бұрынғы қызметкер барлық төлемдерді толық көлемде алды!

Кез-келген даулы мәселені сотқа жеткізбей, медиаторларға жүгіну арқылы шешіп, бітімгерлікке қол жеткізуге болатындығын айтқымыз келеді.

«Nur Otan» партиясы Шығыс Қазақстан облыстық филалының қоғамдық қабылдауында медиаторлардың қабылдаулары әр дүйсенбі сайын сағат 10.00 ден 12.00 ге дейін жүргізілетін болады