ru
Default banner
Разное
426 450 жазбалар45 тіркелуші
Всяко-разно
0

Съезден естелік

Мен Nur Otan партиясының мүшесі болғанымды мақтан етемін. Себебі Nur Otan партиясы Қазақстанның қарқынды дамып, әлеуметтік- экономикалық жағынан тез өсіп-өркендеуіне өз үлесін қосып келе жатқанын жақсы білемін. Елімізде қандайда бір қиын сәттерде нұротандықтар әрдайым халықтың жанынан табылып, оның оңды шешімін табуына атсалысуда. Бұл әсіресе биылғы коронавирус пандемиясы кезінде айқын көрініс тапты.

Мен 2009 жылдан бері Nur Otan партиясы Мойынқұм аудандық филиалы жанындағы партиялық бақылау комиссиясының төрағасы ретінде аудандағы партия жұмысының жандануына өз үлесімді қосып келемін. Сондықтанда болар партияның облыстық филиалының конференциясында маған үлкен сенім көрсетіліп, партияның кезектен тыс ХХ-съезіне делегат болып сайланған едім. Міне сол күнді тағатсыздана күтіп, 25 қараша күнгі партия съезіне Тараз қаласында басқа да делегаттармен бірге онлайн режимде қатыстым. Бұл мен үшін үлкен қуаныш.

Бұл съезд ел тарихындағы елеулі бір оқиға болды. Онда Елбасы, партия төрағасы Н.Назарбаев еліміздің 30 жылында қол жеткізген табыстары жайлы айтып өтті. Ал мемлекет басшысы, ҚР Президенті Қ.Тоқаев қазіргі карантиндік шектеулерге қарамастан халыққа барынша жағдайлар жасала беретіні жөнінде атап өтті. Пандемия кезіндегі қиын уақытта партия белсенділерінің халықтың бірігуіне, оларға қолдан келгенше көмек қолын созғандары аталып өтілді.

Съезде 258 нақты шараны, 163 индикаторды қамтыған 2025 жылға дейінгі «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!» атты партияның сайлауалды бағдарламасы қабылданды. Сондай-ақ ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттығына 126 кандидаттың партиялық тізімі бекітілді. Тізімнен жаңа есімдерді көптеп кездестіруге болады. Олардың арасында әйелдер мен жастарға да тиісті орындар берілген.

Кандидаттар арасындағы біздің ауданымыздан ұсынылған кандидат Жамбыл облысынан ұсынылған бес кандидаттың арасында ең көп дауыс жинап (106 дауыс, қатысушылардың 88 %) тіркелуі біз үшін үлкен мақтаныш болды.

Мен өзім дауыс берген аталған кандидаттардың ертеңгі күні депутат болып сайланған жағдайда халыққа сапалы қызмет жасап, ең өзекті деген мәселелердің оң шешілуіне өздерінің бар күш-жігерлерін жұмсайтындарына сенемін.

СҮНДЕТУЛЛА ӘБІЛОВ – Nur Otan партиясының кезектен тыс ХХ- съезіне Мойынқұм ауданынан қатысқан делегат