Мазмұнға өту
Разное

Разное

425 544 жазбалар51 тіркелуші

Всяко-разно

1 наурыз -Партия күніне орай, барлық санитарлық талаптарды сақтай отырып, салтанатты жиын өткізілді.

Арқалық қалалық "Nur Otan" партиясы филиалында 1 наурыз - Партия күніне орай, барлық санитарлық талаптарды сақтай отырып, салтанатты жиын өткізілді.

Партия қатарына жаңа мүшелер қабылданып, алғыс хаттар табысталды.

"Nur Otan" партиясы АҚФ төрағасының бірінші орынбасары С.Н.Тасмағанбет құттықтау сөз сөйлеп, қатысушыларға қаланың саяси өміріндегі белсенділіктері үшін алғысын білдірді.

0
0
224

«Кедергісіз келешек» партиялық жоба аясында

Қазіргі таңда «Nur Otan» партиясы жүйелі жұмысын жаңғырту мақсатында түрлі ауқымды шараларды іске асырып келеді. Олардың қатарында «Кедергісіз келешек» деп аталатын партиялық жоба да бар. Негізгі мақсаты – мемлекетіміздегі мүмкіндігі шектеулі жандардың өмір сүру сапасын жақсарту және тұрақты қамқорлық көрсету болып табылады. Осыған сәйкес, «Nur Otan» партиясының аудандық филиалының ұйымдастыруымен Қарасай аудандық партия өкілдері мен жоба аясында құрылған мониторингтік тобы жоспарлы түрде мекемелерге барды.

0
0
110

Ауданданымыздың халық қалаулыларымен «Біздің депутаттар»жаңа айдары арқылы таныстыруды жалғастырамыз

«БІЗДІҢ ДЕПУТАТТАР» АЙДАРЫСіздерді Ақжайық ауданданымыздың халық қалаулыларымен «Біздің депутаттар» жаңа айдары арқылы таныстыруды жалғастырамыз. Бүгінгі кейіпкеріміз. Ақжайык аудандық мәслихатының 7 шақырылым депутаты Темиргалиев Багдат Елжасович 1995 жылы 24 қазанда Батыс Қазақстан облысы, Ақжайық ауданы, Чапаев ауылында дүниеге келген.2013 жылы М.Әуезов атындағы жалпы орта білім беретін мектепті бітіріп, 2013 жылы Батыс Қазақстан инновациялық технологиялық университетіне түсіп, 2017 жылы «Қоршаған ортаны қорғау және өмір тіршілік қауіпсіздік негіздері» мамандығын тәмамдаған.2017 жылдан Батыс Қазақстан облысы әкімдігі табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының «Чапаев орман және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Орман өртін сөнд…

0
0
182

Құрметті достар! 1 наурызда «Nur Otan» партиясының құрылғанына 22 жыл толады.

Құрметті достар! 1 наурызда «Nur Otan» партиясының құрылғанына 22 жыл толады. Осынау айтулы күннің қарсаңында еліміз көлемінде мыңнан астам белсенді азамат біздің қатарымызға қосылды. Олардың арасында азаматтық қоғам, білім беру, денсаулық сақтау, өнеркәсіп, мәдениет пен спорт саласының өкілдері бар.Елбасы, партия Лидері Нұрсұлтан Назарбаев айтқандай, нұротандықтардың басты принциптері – жауапкершілік, командалық рух және партия идеалдары мен құндылықтарына берік болу. Біз Жарғы талаптарына сәйкес партиялықтардың сапалық құрамын жақсарту бойынша жұмысты жалғастырамыз. Сондай-ақ партия жақтастарының институты кеңейтіледі.Алдағы электоратаралық кезеңде Елбасы «Nur Otan»-ның жұмысын толықтай қайта құруды, біздің сайлауалды уәделеріміздің іске асырылуына жүйелі бақылауды қамтамасыз етуді тапс…

0
0
126

«Салауатты өмір-ұлт болашағы» атты тақырында тікелей эфир

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығын

мерекелеу мақсатында «Салауатты өмір-ұлт болашағы» атты тақырыпта, ауданымызға белгілі жас спортшымыз Айтақын Асыл Нұрмұхамбетұлымен инстаграм желісінде тікелей эфир өткіздік. Айтақын Асыл Нұрмұхамбетұлы ауданымыздың намысын қорғап, атын шығарып жүрген жас спортшымыз, жас болғанына қарамастан көптеген жетістіктерге жеткен, еркін күрестен Қазақстанның 4-дүркін чемпионы, 23 жасқа дейінгі жастар арасында Қазақстанның 2-дүркін чемпионы, Монголияда өткен Азия ойындарының қатысушысы. Спортшымыз өзінің құрдастарына, желі көрермендеріне өзінің «Салауатты өмір-ұлт болашағы» тақырыбында ой пікірін айтып, жастарды спортқа, салауатты өмір салтын ұстануға шақырды.

0
0
120

Тағайындау

жылы Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетінің қаржыгер-экономист мамандығы бойынша бітірген. Білімі жоғары.Еңбек жолын, 2006 – 2011 жылдары аралығында Сарқан аудандық салық комитетінде жетекші маман болып бастаған.2011-2013 жылдар аралығында аудандық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің бас маманы.2013-2015 жылдары аралығында Алмалы ауылдық округінің әкімі болып қызмет атқарды.Қазіргі уақытта дейін «Қазына» шаруа қожалығының басшысы.Отбасын құрған 4 баланың әкесі.2021 жылдың ақпан айында Сарқан аудандық «Nur Otan» партия филиалы төрағасының бірінші орынбасары лауазымына тағайындалды.

0
0
123

Аягөзде бокстан Қазақстан Республикасының «Шығыс» аймақтық чемпионаты өтуде

Бокстан 2007-2008 ж.т. кіші жасөспірімдер арасында ҚР жеңімпаздары Қасымов Мақсат пен Кешкілов Мейіржанды еске алуға арналған Қазақстан Республикасының «Шығыс» аймақтық чемпионаты өтуде.

Чемпионатқа Нұр-Сұлтан қаласынан 21 оқушы, 3 жаттықтырушы, 2 төреші, Ақмола облысынан 28 оқушы, 8 жаттықтырушы, 3 төреші, Алматы облысынан 44 оқушы, 20 жаттықтырушы 3 төреші, Шығыс Қазақстан облысынан 36 оқушы, 10 жаттықтырушы, 2 төрешікелді.

1
0
193

"Бақытты отбасы" партиялық жобасы

"Бақытты отбасы" партиялық бағдарламасы аясында Хасанова Лейла Гусеевна көпбалалы, жалғызбасты анаға материалдық көмек ретінде азық - түлікпен қамтамасыз етті. Көпбалалы ана өз тарапынан алғыстарын білдірді

0
0
167