Мазмұнға өту
Разное

Разное

425 544 жазбалар51 тіркелуші

Всяко-разно

Салтанатты қабылдау

Бүгін, 1 наурыз күні «Nur Otan» партиясының құрылғанына 22 жыл толды. Айтулы күнге орай еліміздің белсенді азаматтары біздің қатарымызға қосылды.

Елбасы, партия Лидері Нұрсұлтан Назарбаев айтқандай, нұротандықтардың басты принциптері – жауапкершілік, командалық рух және партия идеалдары мен құндылықтарына берік болу. Біз Жарғы талаптарына сәйкес партиялықтардың сапалық құрамын жақсарту бойынша жұмысты жалғастырамыз. Сондай-ақ партия жақтастарының институтын кеңейтеміз.

«Nur Otan» – нақты істер партиясы. Біз сайлауалды уәделердің іске асырылуына барлық деңгейде жүйелі бақылауды қамтамасыз етеміз.

Қиындықты еңсеріп, жеңіске бірге жетеміз!

0
0
107

Партия күні

Қымбатты партияластар!

Баршаңызды «Nur Otan» партиясының құрылғанына 22 жылдығымен шын жүректен құттықтаймын!

Біздің партиямыз – «Nur Otan» партиясы жауапты саяси күш ретінде барлық қиындықтар мен сынақтарды халықпен бірге бөлісіп, әрқашан еліміз үшін күрделі әрі өмірлік маңызы бар шешімдер қабылдады және олардың орындалуына әрдайым қол жеткізіп отырды. Тәуелсіздік жылдарында қоғамымыздың барша қазақстандықтарды біріктіретін және елдің баянды болашағына берік іргетас қалайтын басты құндылықтары қалыптасты.

«Nur Otan» – нақты істер партиясы. Біз сайлауалды уәделердің іске асырылуына барлық деңгейде жүйелі бақылауды қамтамасыз етеміз. Қиындықты еңсеріп, жеңіске бірге жетеміз!

0
0
121

Жаңадан қабылданған белсенді азаматтарға партиялық билеттер табыстады.

Құрметті достар! 1 наурыз - "Nur Otan" партиясының құрылған күні.

Баршаңызды партияның құрылған күнімен шын жүректен құттықтаймыз. "Nur Otan" партиясы халқымыздың әлеуметтік жағдайын жақсартып, Қазақстанның дамуына бағытталған Елбасы тапсырмаларын жүзеге асыруға үлкен үлес қосып келеді. Осынау айтулы күннің қарсаңында Nur Otan» партиясы Ақжайық аудандық филиал төрағасының бірінші орынбасары А.Нысанбаева жаңадан қабылданған белсенді азаматтарға партиялық билеттер табыстады.

0
0
104

Әдеп жөніндегі уәкіл қабылдау өткізді.

Жоспарға сәйкес "Nur Otan" партиясы Сырым аудандық филиалының қоғамдық қабылдау бөлмесінде азаматтарды онлайн түрде қабылдадым.

Қабылдауға Жымпиты, Аралтөбе және Қосарал ауылдарынан үш адам алдын ала жазылып, қатысты.

Олар мемлекеттік қызметке орналасу, мемлекеттік қызметті өткеру, өткізілетін конкурстар және тестілеу бағдарламалары мен оны тапсыру жөнінде сұрақтар қойды.

Барлығына да заңнамаға сәйкес жауаптар беріліп, түсіндірілді.

___________

0
0
147

А.Ойшыбаева - Қоғамдық қабылдау Өлеңті ауылында.

Бүгін Өлеңті ауылына депутат Нұрмашев Ағеділмен бірге қоғамдық қабылдау өткіздік. Әлеуметтік орталық ауыл халқының бас қосатын бірден – бір орны. Ол жердің жылы жанға жайлы болғаны жақсы әрине, бірақ біраз бөлігі жылыту қондырғыларының әлсіздігінен салқын екенін аңғартты. Орталықта кітапхана, медициналық бөлімше, ардагерлер бөлмесі мен мамандар бөлмесі және акт залы қарастырылған. Қабылдауға келген Елеубаев Тауфиқ ағай өзінің іс – тәжірибесімен бөлісіп, көптеген ақыл кеңестерін айтты. Ауылдың мұң – мұқтажын бес саусағындай білетін еңбек ардагері талай мәселенің бар екенін, жасалып жатырған істерге де оң бағасын беретінінде айтып өтті. Қабылдауға келген әйел аналардың да мұң мұқтажын тыңдап, тиісті жерлерге жеткізіп оң шешімін табады деген ойдамыз. Ауыл тұрғындарын жалпы мазалайтын қаңғыба…

0
0
134

Балабақша жайлы болмай, баланың бабы табылмас!

Шақалақ нәресте дүниеге келгенде бөпем бар дейміз, оның ұл не қыз болғаны біреулер үшін маңызды, біреулер үшін көптен күткен қуаныш болса қуанғаннан дені сау болса дейді. Қазақ үшін баланың орны бір бөлек, әр әйел ана балам үшін өмір сүремін дейді. Әр әке отбасымдағы ұл мен қыз менен асқан білімді, оқыған, тәрбиелі болсын дейді. Бала ұрпақ жалғасы ғана емес, мемлекеттің тірегі. Әр отбасы өз алдына шаңырақ болғанмен, олар мемлекеттің байлығы. Ұлттың темір қазығы әр шаңырақ шанышылған уық пен керілген керегеден басталады. Балаға берілетін тәрбие мен білім мемлекеттің басты назарында болатын басты бағыт. Сол еліміздің ертеңі осы балаларымызға бөлінетін көмек пен жасалатын жағдайға көңілі толмайтындар көбеюде. Неге?! Оған себеп көп, берілетін бір реттік жөргек пұл басқа мемлекеттермен салысты…

1
0
258

Ұйғыр ауданы әкімінің орынбасары ИСАЕВ Қайрат Асқарұлы қабылдауы.

Ұйғыр ауданы әкімінің орынбасары ИСАЕВ Қайрат Асқарұлы "Nur Otan" партиясы қоғамдық қабылдау бөлмесінде қоғамдық қабылдау кестесіне сәйкес аудан тұрғындарын қабылдады. Қабылдау барысында жеке мәселелері бойынша өтініштерін білдірген аудан тұрғындарының сұрақтарына жауап берді.

0
0
196

Барша қазақстандықтарды 1 наурыз – Алғыс айту күнімен шын жүректен құттықтаймыз.

Алғыс айту күні – елімізде тыныштық пен үндестік, өзара сенімділік пен барлық қазақстандықтарға деген құрметтің орнығуына негіз болған салтанатты күн.

Бұл тағдыр тәлкегімен қазақ жеріне еріксіз қоныс аударылған түрлі этнос өкілдерінің қасиетті қазақ жері мен қонақжай қазақ халқына терең тағзымының белгісі. Тәуелсіз еліміздің 30 жылдық мызғымас іргесін бірге қалап келе жатқанымыз осының айқын дәлелі.

Бұл мереке қазақ жерінде өмір сүріп, еңбек етуші әрбір ұлт өкілін біріктіруші алтын арқауға айналсын! Баршаңызды мерекемен құттықтай отырып, зор денсаулық, береке-бірлік, сәттіліктер мен толайым табыстар тілейміз!

0
0
282

Nur Otan партиясы Ұйғыр аудандық филиалында партия белсенділерін марапаттау жиыны болып өтті.

Бүгін көктемнің алғашқы күнінде қос бірдей мереке. Бірі - Алғыс айту күні болса , бірі - партия күні. Осындай айтулы күні Nur Otan партиясы Ұйғыр аудандық филиалында партия белсенділерін марапаттауға арналған жиын болып өтті. Жиын барысында Nur Otan партиясы Ұйғыр аудандық филиалының төрағасы Нурахунов Шухрат Турдахунұлы барша азаматтарды айтулы мерекемен құттықтап,ізгі тілегін білдірді. Сонымен қатар партия қатарына қабылданған азаматтарға партиялық билет табыстап, партия белсенділерін Алғыс хаттармен марапаттады.

0
0
136