ru
Default banner
Разное
426 450 жазбалар45 тіркелуші
Всяко-разно
0

А.Ойшыбаева - Қоғамдық қабылдау Өлеңті ауылында.

Бүгін Өлеңті ауылына депутат Нұрмашев Ағеділмен бірге қоғамдық қабылдау өткіздік. Әлеуметтік орталық ауыл халқының бас қосатын бірден – бір орны. Ол жердің жылы жанға жайлы болғаны жақсы әрине, бірақ біраз бөлігі жылыту қондырғыларының әлсіздігінен салқын екенін аңғартты. Орталықта кітапхана, медициналық бөлімше, ардагерлер бөлмесі мен мамандар бөлмесі және акт залы қарастырылған. Қабылдауға келген Елеубаев Тауфиқ ағай өзінің іс – тәжірибесімен бөлісіп, көптеген ақыл кеңестерін айтты. Ауылдың мұң – мұқтажын бес саусағындай білетін еңбек ардагері талай мәселенің бар екенін, жасалып жатырған істерге де оң бағасын беретінінде айтып өтті. Қабылдауға келген әйел аналардың да мұң мұқтажын тыңдап, тиісті жерлерге жеткізіп оң шешімін табады деген ойдамыз. Ауыл тұрғындарын жалпы мазалайтын қаңғыбас иттер мен мысықтардың көбеюі, қоқыс жәшіктерінің уақытылы тазартуы, көше шамдарының жиі жанып кетуі секілді мазалаған мәселелерге ауыл әкімшілігі тарапынан жіті қадағалау болады деп сенеміз. Өлеңті ауылының тұрғындарына әр айда бір рет қоғамдық қабылдау өткізетінімізді және 3 наурызда аудандық партия филиалында қабылдау өткізетінімді қатерлеймін.