Салтанатты қабылдау
Бүгін, 1 наурыз күні «Nur Otan» партиясының құрылғанына 22 жыл толды. Айтулы күнге орай еліміздің белсенді азаматтары біздің қатарымызға қосылды.
Елбасы, партия Лидері Нұрсұлтан Назарбаев айтқандай, нұротандықтардың басты принциптері – жауапкершілік, командалық рух және партия идеалдары мен құндылықтарына берік болу. Біз Жарғы талаптарына сәйкес партиялықтардың сапалық құрамын жақсарту бойынша жұмысты жалғастырамыз. Сондай-ақ партия жақтастарының институтын кеңейтеміз.
«Nur Otan» – нақты істер партиясы. Біз сайлауалды уәделердің іске асырылуына барлық деңгейде жүйелі бақылауды қамтамасыз етеміз.
Қиындықты еңсеріп, жеңіске бірге жетеміз!


