ru
Default banner
Разное
426 450 жазбалар45 тіркелуші
Всяко-разно
1

Балабақша жайлы болмай, баланың бабы табылмас!

Шақалақ нәресте дүниеге келгенде бөпем бар дейміз, оның ұл не қыз болғаны біреулер үшін маңызды, біреулер үшін көптен күткен қуаныш болса қуанғаннан дені сау болса дейді. Қазақ үшін баланың орны бір бөлек, әр әйел ана балам үшін өмір сүремін дейді. Әр әке отбасымдағы ұл мен қыз менен асқан білімді, оқыған, тәрбиелі болсын дейді. Бала ұрпақ жалғасы ғана емес, мемлекеттің тірегі. Әр отбасы өз алдына шаңырақ болғанмен, олар мемлекеттің байлығы. Ұлттың темір қазығы әр шаңырақ шанышылған уық пен керілген керегеден басталады. Балаға берілетін тәрбие мен білім мемлекеттің басты назарында болатын басты бағыт. Сол еліміздің ертеңі осы балаларымызға бөлінетін көмек пен жасалатын жағдайға көңілі толмайтындар көбеюде. Неге?! Оған себеп көп, берілетін бір реттік жөргек пұл басқа мемлекеттермен салыстырғанда мардымсыз, әр балаға берілетін жәрдемақы шай – пұлдан артылмайды. Аудан мен ауылдық жерлердегі балабақшалар сын көтермейді, жеке балабақшалар тым қымбат, айта берсең толып жатыр. Бірақ мектепке дейінгі тәрбие, біздің бар жоғымызды күтіп отырмайды. Кезегін күткен балалар, ата – әжелерінің қолында өседі әрине олар болса, уақыт зу етіп балабақшаға бармастан мектепке де баратын уақыт жетіп мәселе осымен жойылып кетеді. Бірақ бір отбасының мәселесі біткенмен, қаншама мыңдаған отбасы осы мәселемен бетпе бет келе береді. Себебі өсім бар, шүкір туу бар. Елімізде әр минут сайын дүниеге келген сәби ата – ана мейірімін көріп, мемлекеттің қамқорлығын сезініп өсуі қажет. Мемлекет жасамайын демейді, шамасы келмей жатқан шығар. Алайда әр сәби үшін жасалатын қамқорлықты, берілетін жәрдемақыны, білім беруді тәрбие ошақтарын әліде жетілдіре беру заман талабы. Қазіргі бала мүлдем басқа, олар алдағанға көнбейді, жоқты түсінбейді, тілі жәй шығады, бәрін біліп тұрады, орысшаны да ағылшынды да түсініп тіпті сөйлей алады. Техниканың дамыған заманында оқып туған баланы немен таңғалдырасың, әрине өздеріне сай заманауй жаңа бөбекжай балабақшалармен ғана. Іші сырты кірсе шыққысыз, көздің жауын алатын ұлттық нақышпен безендірілген залдар мен көрнекіліктер ойыншықтар болса ғана. Бірақ үлкен қалаларда жаңадан салынған балабақшалар бар шығар, алайда аудандар мен ауылдардағы балабақшалардың сын көтермейтіні анық. Ұзын жолдың торабындағы тарихи аудан болып саналатын біздің Сырым ауданында жалғыз ғана «Балдырған» балабақшасы бар. Оның жоқ жітігімен, айтар мұң зарымен аудандық билікте, білім бөлімі де жете таныс. Алайда, осындай мәселелердің жоғарғы үкіметке, білім министрліктеріне жете беретінене күмәнданады екенсің. Себебі, үмітін үзген басшыны көргенде, терезелері мен есіктері 50 жылдан бері түк өзгермеген алқам – салқам ғимаратты көргенде жаның ауырады екен. Кез келген үйдің ауласында тұрған ойын алаңы аудандағы жалғыз балабақшаға бұйырмағасын не дейсің? Қолдан жасалған қоршау мен жылына бір сырлап өңін келтіріп ала жаздай бала ойнайтын қолдан жасалған ағаш сәкі қай ғасырдан қалған еншіңдей бір ауыспапты. Бірақ жоқтан бар жасап қолдағыны оқсатып отырған ұжымда 26 педагог, 13 тәрбиеші, меңгеруші, әдіскер, психолог, әлеуметтік педагог, дефектолог, логопед, екі музыка жетекшісі, екі дене шынықтыру нұсқаушысы, орыс тілі мұғалімі, сурет пәні мұғалімі, хореограф секілді мамандармен толық қамтылған, 145 бүлдіршінмен бір отбасындай тіршілік жасауда. Заманға сай қымбат ойыншықтар мен робот техникалар, құм сурет салатын құрылғылар алынып баланың сұранысына сай болуға тырысуда. Жан – жақтан келетін тексерістің балабақшалар мен ауылдық мектептерге қырғидай тиетінін естіп жүреміз. Олар стандартқа сай келмеседе, осыдан жарты ғасыр бұрын арнайы балабақша үшін салынған ғимарттың тозығы жеткені өз алдына, заман талабына қанша тырысса да сай болмайтыны тайға таңба басқандай көрініп тұр. Қыс болса азынаған желден қымтаймыз деп талай жамап, сырлаған ағаш терзелердің өңі кетіп, іргетасы шатқаяқтаған іргеден кірген желдің кесірінен ешқандай ішкі температура мен жылу режимінің үйлеспейтіні айтпасада түсінікті. Қысқасы аудан түрлі ғимараттарға зәру. Соның ішінде білім – мәдени ошақтармен қатар балабақшаларда бар. Аудандағы балалардың баратын жалғыз балабақшасы күрделі жөндеуді қажет етеді және болашақта жаңа ғимарат салынсада артық етпейді. Баланың бабы табылмайынша, тәрбиенің де бағы ақсауы мүмкін алайда ғимаратты жөндеуден өткізу бас ауыртар мәселеге айналмақ.