Мазмұнға өту
Разное

Разное

425 544 жазбалар51 тіркелуші

Всяко-разно

Салтанатты қабылдау

Салтанатты қабылдауды жүргізген партия аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Р.Қасымов партия қатарына қабылданған жастарға партияның құрылу тарихы мен партияның Жарғылық мақсат міндеттерін түсіндіріп өтті. Сонымен қатар, партия мүшелерін көктемнің алғашқы күнімен қатар келген «Алғыс айту» күнімен құттықтап, қаншама уақыттан бері иық тіресе жұмыс жасап, бірге келе жатқан партия мүшелеріне алғысын айтып, белсенді азаматтарға сіңірген еңбектері үшін облыстық және аудандық филиал атынан Құрмет грамоталарын табыс етті.

0
0
156

«Елдің болашағы жастардың қолында» атты жастармен өткен кездесу

«Елдің болашағы жастардың қолында» атты тақырыпта жастар волейболдан спорт шебері, спорт ардагері Бахыт Иманбекұлы, киокушинкай-кан каратэден спорт шебері Бекжан Сүнбековпен кездесті. Кездесу барысында спорт саласының өкілдері жетістіктері туралы сөз қылып, өскелең ұрпақты салауатты өмір салтын ұстануға шақырды.

0
0
256

Ы. Алтынсарин тағлымы ілім-білім тұмары

"Ы.Алтынсарин тағлымы ілім-білім тұмары" Республикалық онлайн – акциясы аясында Ыбырай Алтынсариннің 180 жылдығына арналғанШығыс Қазақстан облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасында "Шамнан шырақ жағылар" атты әдеби челленджі басталды. Ұлы ағартушының есімімен аталатын кітапхана бірінші болып челленджді бастау құрметіне ие болды, оны Ақтөбе қаласындағы Нұрпейіс Байғанин атындағы облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасы жалғастырды. Іс-шараға Ы.Алтынсарин атындағы мамандандырылған мектеп-интернатының 7 сынып оқушылары қатысып, олар Ыбырайдың өмірбаянымен және оның шығармашылығымен танысып, Ы. Алтынсарин атындағы орындарға виртуалды саяхат жасады. Аралбай Анар, Оспанова Тамина, Айтымбетова Әлия, Шүптібай Нұрсұлу жерлесімізге арналған өлеңдер оқыды. Шара соңында өлкетанушы, ақын…

0
0
391

1 наурыз "Nur Otan" партиясының құрылған күні

«Nur Otan» партиясы жауапты саяси күш ретінде барлық қиындықтар мен сынақтарды халықпен бірге бөлісіп, әрқашан еліміз үшін саяси және әлеуметтік-экономикалықмаңызы бар шешімдердердіңқабылдануына зор ықпал жасап,олардың орындалуына әрдайым қол жеткізіп отыруда.Еліміздің жетістіктері барлық партияластардың еңбекқорлығымен, сондай-ақ партиялық бағдарламаларды қолдайтын, жалпыұлттық және жергілікті сайлауларда партия кандидаттарына дауыс беретін қазақстандықтардың басым көпшілігінің жоғары сенімімен тығыз байланысты.Партия әрқашан басқарудың тиімді моделінің, жаңаруға дайын болудың, ұтқырлықтың, жан-тәнімен берілудің үлгісі болуға тиіс.Алғыс айту мерекесімен қатар келген бүгінгі партия күнінде партия мүшелері мен барша қазақстандықтарға татулық пен бақ-береке және Отанымыз – Қазақстан Республ…

0
0
345

Алғыс айту күні

Руслан ХАСХАНОВ, «Вайнах» шешен-ингуш этномәдени бірлестігінің төрағасы:ЖАҚСЫЛЫҚТЫ ҰМЫТУҒА БОЛМАЙДЫ— Қазіргі таңда Қаратал ауданында 600-ден астам шешен ұлтының өкілдері тұрады. Олар ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына өз үлестерін қосып, әртүрлі салада еңбек етуде. Олардың қатарында дәрігерлер, ұстаздар, мемлекеттік қызметкерлер бар. Шешен ұлтының өкілдері Үштөбе қаласында, Ескелді, Қайнар, Ортатөбе, Кәлпе, Үшкөмей ауылдарында тұрады. Шешен ұлтының өкілдері қазақтарға алғыс айту күнінде ғана емес, күн сайын құрмет көрсетіп, бауырмалдылық танытып жатады. Өйткені, сонау депортация кезінде қазақтар өздері жұпыны тұрса да біздің әке-шешелерімізді құшақ жая қарсы алып, бір үзім нанымен бөлісті. Үйінің екі бөлмесінін бірін беріп, паналатты. Мұндай жақсылықты қалай ұмытуға болады? Бұл бізд…

0
0
210

Алғыс айту күні

Ирина КИМ, аудандық құрылыс бөлімінің инспекторы, кәріс ұлтының өкілі:— Қазақстан – киелі шаңырақ. Осынау қасиетті жерде жүздеген этнос өкілдері өмір сүріп жатыр. Өйткені, қиын-қыстау кезеңде қазақтар барша ұлт өкілдерін қанатының астына алып паналатты. Президент Жарлығымен Алғыс айту күні жарияланғанын білеміз. Бұл күні әркім мәпелеп өсірген әке-шешесіне, ағайын-туысқа алғыс айтып жатады. Біз Қазақстанда бейбіт өмір сүріп жатқаннан соң әуелі қазақ халқына алғыс айтуымыз керек деп ойлаймын. Қай ұлттың өкілі болмасын қиын-қыстау кезеңде қол ұшын берген ақкөңіл, жаны жомарт қазақ халқына ризашылығымды білдіреміз. Соның айқын белгісі – қазақ-кәріс ұлтының достығының символы ретінде 2012 жылы Бастөбе тауына «Қазақ халқына мың алғыс» атты монумент орнатылды. Бұл өскелең ұрпақ үшін үлгі-өнеге.…

0
0
208

Алғыс айту күні

Гульханум АСЛАН-ОГЛЫ, Р. Қошқарбаев атындағы орта мектебінің орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі, күрді халқының өкілі:— Тәуелсіз Қазақстанның ең басты байлығы – ауызбірлігі мықты халқы. Біз үшін Алғыс айту күні – қысылтаяң шақта бар ауыртпалықты көтеріп, президенттің бастамасымен Тәуелсіз Қазақстан мемлекетін құру жолында тер төккен ел азаматтарының бір-біріне деген құрметі. Әрине, тарихты ұмытуға болмайды. Бабалардың әр кезеңдегі еңбегіне құрметпен қарауымыз керек. Қазақ халқы тағдырдың жазуымен қазақ жеріне келген өзге этнос өкілдеріне құшақ жайып, бауырмалдық танытты. Әр этнос үйлі болды. Бауыр тапты. Сол бауырмалдығымыз арта түспесе еш кеміген жоқ. Бұл мерекенің басты мақсаты – жас ұрпақты достыққа, ауызбіршілікке шақыру, отансүйгіштікке тәрбиелеу. Әсіресе, жастар бұл күнді жақсы…

0
0
207

Мәслихат депутаты көмек көрсетті

Аудандық «Nur Otan» партиясы филиалы төрағасының бірінші орынбасары А.Байгунысов көмек сұрап келген Каверзина Еленаның отбасы мәселесі бойынша мәслихат депутаты Б.Ж.Бласовқа өтінішін жолдап,көмек қолын созуын сұрады. Каверзина Еленаның отбасына көмір берілді.Мәслихат депутаты Б.Ж.Бласов пен «Nur Otan» партиясы филиалы төрағасының бірінші орынбасары А.Байгунысовқа алғысы шексіз.#Бақыттыотбасы

0
0
209

1 наурыз «Nur Otan» партиясының күні

Құрметті достар!

Бабалар аңсауы, ұрпақтың қолы жеткен киелі Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығы және 1 наурыз «Nur Otan» партиясының күніне орай, @nurotanalmobl05 Instagram парақшасында (сторис) Тәуелсіздік жайлы және «Nur Otan» қызметі туралы викториналық сұрақ қойылатын болады.

Ойын шарттары:

Ағымдағы жылдың 25, 26, 27 ақпан күндері, тақырыпқа сай күнделікті сұрақтар беріледі. Әр күнде бірінші жауап берген қатысушының жылдамдығы және белсенділігі қаралады. Үздіктері партия тарапынан марапатталады. Ұйымдастырушы: «Nur Otan» партиясы Алматы облыстық филиалы. Қосымша сұрақтар бойынша: 87478218652 @nurotanalmobl05

25-26-27 ақпан, 17:00

Материалдар 28 ақпан сағ.12:00ге дейін қабылданады, жас шектеуі жоқ

0
0
203