Бізге «Партияға қалай қабылдануға болады?», «Қандай құжаттар керек?»
Партия қатарын толықтыру жеке және ерікті түрде жүзеге асырылады. 18 жасқа толған, партияның жарғысы мен бағдарламалық құжаттарының талаптарын орындайтын, партияның алда тұрған мақсаттарына қол жеткізуге, міндеттерді іске асыруға белсенді қатысатын, заңнамалық актілерде айқындалған адамдарды қоспағанда, партиялық мүшелік жарналарды уақтылы төлейтін Қазақстан Республикасының азаматы бола алады. «Nur Otan»-ға мүшелік тиісті партиялық құжатпен расталады. Қабылдауды бастауыш партия ұйымының (бұдан әрі - БПҰ) жиналысы азаматтың партияның екі мүшесінің ұсынымдары бар жазбаша өтініші негізінде шешеді. Өтінішке партия мүшелігіне қабылданушы туралы мәліметтер де қоса беріледі. Партияға қабылдауды партияның және оның филиалдарының саяси кеңестерінің бюросы, сондай-ақ БПҰ бюросы жүзеге асыруы м…
