Мазмұнға өту
Разное

Разное

425 544 жазбалар51 тіркелуші

Всяко-разно

1 наурыз - «Nur Otan» партиясы күні

1 наурыз - Партия күніне орай «Nur Otan» партиясы Бөкей ордасы аудандық филиалында, аудан әкімінің орынбасары Мейрамбек Аққалиев және аудандық қоғамдық кеңес төрағасы Тлеген Арстанбековтың қатысуымен салтанатты шара өткізілді. Шара барысында М.Аққалиев барша қатысушыларды бүгінгі Партия күнімен және де Алғыс айту күнімен құттықтап, партия күніне орай жаңадан қабылданған жастарға партиялық билеттерін табыстады.

Сонымен қатар, Т.Арстанбеков барша партияластарды бүгінгі мерекемен құттықтай отырып, жас мамандарға жұмыстарына сәттілік тіледі.

0
0
168

«Nur Otan» партиясы депутаттық фракциясының кезекті отырысы өтті

Бөкей ордасы аудандық мәслихаттағы «Nur Otan» партиясы депутаттық фракциясының кезекті отырысы өткізілді. Отырысқа аудандық мәслихат хатшысы Лариса Қайырғалиева және фракция мүшелері қатысты.Күн тәртібінде:1. 2021 жылы Бөкей ордасы ауданының ауылдық елді мекендерге жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік саласындағы мамандарға көтерме жәрдемақы және тұрғын үй алу немесе салу үшін әлеуметтік қолдау көрсету туралы.2. Аудан бойынша елді мекендердің санитариялық-эпидемиологиялық жағдайы туралы мәселелер қаралды.Отырыс барысында күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы Раушан Абдуллина жыл басынан “Дипломмен ауылға” бағдарламасы бойынша атқарылған жұмыстар турал…

0
0
126

Сенім. Диалог. Болашаққа нық қадам – Nur Otan партиясының 7 серпіні

Аға буын өкілдерінің өнегелі өмірін өскелең ұрпаққа насихат ету мақсатында өткен басқосуға «Jas Otan» ЖҚ жастары мұрындық болды.

Кездесуде жастар мен ардагерлер арасында емен-жарқын әңгіме өрбіді. Олар егемендік алған алғашқы жылдардағы қиындықтар мен кейінгі қалыптасу кезеңіндегі күрделі жұмыстарды айтып, өз тәжірибелерімен бөлісті.

Кейінгі ұрпақ ардагерлердің жетістіктерімен танысып, толғандырған сұрақтарына жауап алды.

0
0
198

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі қоғамдық кеңесінің кезекті отырысы өтті

Аудандық мәслихат хатшысы Лариса Қайырғалиеваның төрағалығымен «Nur Otan» партиясы Бөкей ордасы аудандық филиалы жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі қоғамдық кеңесінің кезекті отырысы өткізілді. Отырысқа аудандық мәслихат депутаты Исатай Құрмашев және кеңес мүшелері оффлайн, онлайн форматта қатысты.

Күн тәртібінде:

1. Сайқын ауылдық округі аппаратында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бойынша атқарылып жатырған жұмыстар туралы мәселе қаралды.

Аталмыш жиын барысында күн тәртібіндегі мәселе бойынша Сайқын ауылдық округі әкімі Нұргүл Умарова Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бойынша атқарылып жатырған жұмыстар туралы айтып, бірқатар жұмыстарға тоқталып өтті.

Сонымен қатар, алдағы уақытта атқарылатын жұмыстар талқыланып, негізге алынды.

0
0
106

Жастар колледждерде тегін оқытумен қамтамасыз етіледі

Осы орайда ол колледждерде тегін оқыту мүмкіндігі туралы айтты. «Жастар сұранысқа ие мамандықтар бойынша колледждерде тегін оқытумен қамтамасыз етіледі. Биыл тегін оқу мүмкіндігі 20 мың адамға беріледі, кейін жыл сайын квота ұлғайтылып, 2025 жылы 50 мыңға жеткізіледі», - деді Үкімет басшысы.

0
0
133

284 мың пәтер жеңілдікті әлеуметтік тұрғын үй ретінде беріледі

Үкімет Nur Otan партиясының Парламент Мәжілісіндегі фракциясының алдында сайлауалды бағдарламаны жүзеге асыру бойынша тиісті Жол картасының жобасын ұсынып отыр», - деді А. Мамин. Жол картасы Сайлауалды бағдарламасының төрт бағыты бойынша 362 іс-шарадан тұрады: ⠀ 1️⃣ - «Баршаға тең мүмкіндік»; 2️⃣ - «Зияткер, саламатты және ыждағатты ұлт; 3️⃣ - «Экономика мен өңірлердің тұрақты дамуы» 4️⃣ - «Халыққа есеп беретін мемлекет және жауапты азаматтар».

0
0
146