Мазмұнға өту
Разное

Разное

425 544 жазбалар51 тіркелуші

Всяко-разно

Ардақты әжелер, аналар және арулар! 8 наурыз -Халықаралық әйелдер күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Құрметті Ақжайық ауданының ардақты әжелері, аналары және арулары!

Баршаңызды Ақжайық ауданы мәслихатының депутаттары атынан көктемнің алғашқы шуақты мерекесі 8 наурыз - Халықаралық әйелдер күнімен шын жүректен құттықтаймын! Сіздерге баршаға үлгі, жарқын істердің бастаушысы, ел бірлігінің ұйытқысы, ырыс пен ынтымақтың алтын діңгегі болуларыңыға тілектестік білдіремін. Көктем мерекесі көңіліңізге қуаныш сыйлап, жүзіңізге шапағат шуағын шашсын! Әр таңдарыңыз арайлап атып, күндеріңіз нұрға толсын, сәттілік серіктеріңіз болсын! Сіздерге және отбасыларыңызға мықты денсаулық, мол береке, баянды бақыт, болашаққа зор сенім, көтеріңкі көңіл-күй тілеймін.

Мерекелеріңіз құтты болсын!

0
0
222

"Кедергісіз келешек" партиялық жоба аясында

Талдықорған қалалық мәслихат депутаттары С. Шегиров, К.Жумабаева, Б.Хамидуллаевна, В.Кауысбековтың қаржылай қолдауларының арқасында "Кедергісіз келешек" партиялық жоба аясында "Қазақ Зағиптар Қоғамы" Қоғамдық Бірлестігіне барып, 8-наурыз Халықаралық әйеледер мерекесіне орай Аналарға деген ыстық сезім, алғыс пен құрметтерін айтып мерекелік көңіл күй сыйлап, сыйлықтарын беріп қайтты.

0
0
149

8 Наурыз Халықаралық әйелдер мейрамы қарсаңында

Жеке Кәсіпкер "Архабаев" басшысы Бақыт Архабаевтың демеушілігімен "Бақытты отбасы", "Кедергісіз келешек" жобалары аясында ауданымыздың көп балалы, жалғыз басты және ерекше баланы тәрбиелеп отырған Э.Мухаметченова анамызды құттықтап қайттық.

0
0
132

Игі іс жасаған әскери полицейлер

Аягөз қаласының әскери полиция бөлімінің жеке құрамы, жаңа тыныс беретін көктем айы келісімен аудан әкімдігінің әлеуметтік көмек көрсету орталығында ерекше күтімді қажет ететін бүлдіршіндерге қайырымдылық шарасын өткізді.Игі іс аясында әскери полиция жеке құрамы сақтық шараларын ескере отырып, балалрға сыйлықтарын өздері үлестіріп берді.- «Жақсының жақсылығын айт, нұры тасысын», демекші әскери полиция бөлімінің бастығы Талғат Кеңшілікұлының бастамасымен кішкентай ғана бүлдіршіндерімізге қолдау білдіріп, арнайы әзірлеген сыйлықтарымызды тарту еттік. Бұндай қайырымдылық шарамыздың басты мақсаты, балапандарымызға кішкентайда болсын көңіл күй сыйлап, сауығып кетулеріне септігімізді тигізсек деген ниетте жасаудамыз. Осындай ізгі істерміз алдағы уақытта әлі жалғасын табатын болады, - деді Аягөз…

1
0
232

Қазақстан Республикасының азаматтық хал актілерін тіркеу (АХАТ) қызметіне 100 жыл

Қазақстан Республикасының азаматтық хал актілерін тіркеу (АХАТ) қызметіне 100 жыл толып отыр. АХАТ бөлімдері әр адамның тууынан бастап, некеге тұру, балалардың дүниге келуі, некені бұзу, әкелікті тануды тіркеу, бала асырап алуды тіркеу, тегін, аты-жөнін өзгертуді тіркеу, қалпына келтіруді тіркеу, қайтыс болуы туралы акт жазбасын растайтын құқықтық сипатқа ие құжаттарды тіркеп, рәсімдейді. Қазіргі таңда, статистикаға сәйкес, Аягөз ауданы бойынша халық саны 71228, қала бойынша 38492, ауыл бойынша 32736 құрайды. 2012 жылдан бастап, «АХАТ тіркеу пункті» бойынша 1937 жылдап бастап, 2007 жыл аралығы бойынша тіркелген 7 түрлі акт жазбалары бойынша базаға сканерленіп 21 000 жуық акт жазбасына өзектендірілу жасалған. 4 наурыз атаулы күнге орай аудандық мәдениет үйінде барлық санитарлық талаптарды…

1
0
296

Арсаламов Айдос Айтбекұлының қабылдауы

«Халыққа көмек» партиялық жобасы аясында "Nur Otan" партиясы Панфилов Аудандық мәслихат депутаты Арсаламов Айдос Айтбекұлының қабылдауында болып,өз мәселелерінің шешімін тапты. Көп балалы анамызға көмек қолын созды. Сонымен қатар Үшарал ауылдық округінің әкімшілігімен бірлесе отырып өтініш беруші АӘК-ке жазылды. Наурыз айынан бастап Жайсан Айдана Бақытқызы ӘАК-пен «Көп балалы аналарға арналған мемлекет тарапынан азық-түлікпен қамтамасыз ету» бойынша көмек тағайындалды. Жайсан Айдана Бақытқызының 03.03.2021жылғы өтініштері оңтайлы шешілді

0
0
211