ru
Default banner
Разное
426 297 жазбалар48 тіркелуші
Всяко-разно
0

Ардақты әжелер, аналар және арулар! 8 наурыз -Халықаралық әйелдер күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Құрметті Ақжайық ауданының ардақты әжелері, аналары және арулары!

Баршаңызды Ақжайық ауданы мәслихатының депутаттары атынан көктемнің алғашқы шуақты мерекесі 8 наурыз - Халықаралық әйелдер күнімен шын жүректен құттықтаймын! Сіздерге баршаға үлгі, жарқын істердің бастаушысы, ел бірлігінің ұйытқысы, ырыс пен ынтымақтың алтын діңгегі болуларыңыға тілектестік білдіремін. Көктем мерекесі көңіліңізге қуаныш сыйлап, жүзіңізге шапағат шуағын шашсын! Әр таңдарыңыз арайлап атып, күндеріңіз нұрға толсын, сәттілік серіктеріңіз болсын! Сіздерге және отбасыларыңызға мықты денсаулық, мол береке, баянды бақыт, болашаққа зор сенім, көтеріңкі көңіл-күй тілеймін.

Мерекелеріңіз құтты болсын!