Игі іс жасаған әскери полицейлер
Аягөз қаласының әскери полиция бөлімінің жеке құрамы, жаңа тыныс беретін көктем айы келісімен аудан әкімдігінің әлеуметтік көмек көрсету орталығында ерекше күтімді қажет ететін бүлдіршіндерге қайырымдылық шарасын өткізді.Игі іс аясында әскери полиция жеке құрамы сақтық шараларын ескере отырып, балалрға сыйлықтарын өздері үлестіріп берді.

- «Жақсының жақсылығын айт, нұры тасысын», демекші әскери полиция бөлімінің бастығы Талғат Кеңшілікұлының бастамасымен кішкентай ғана бүлдіршіндерімізге қолдау білдіріп, арнайы әзірлеген сыйлықтарымызды тарту еттік. Бұндай қайырымдылық шарамыздың басты мақсаты, балапандарымызға кішкентайда болсын көңіл күй сыйлап, сауығып кетулеріне септігімізді тигізсек деген ниетте жасаудамыз. Осындай ізгі істерміз алдағы уақытта әлі жалғасын табатын болады, - деді Аягөз гарнизоны Әскери полиция бөлімі штаб бастығының орынбасары капитан Манатжан Мендібаев.
