Қазақстан Республикасының азаматтық хал актілерін тіркеу (АХАТ) қызметіне 100 жыл
Қазақстан Республикасының азаматтық хал актілерін тіркеу (АХАТ) қызметіне 100 жыл толып отыр. АХАТ бөлімдері әр адамның тууынан бастап, некеге тұру, балалардың дүниге келуі, некені бұзу, әкелікті тануды тіркеу, бала асырап алуды тіркеу, тегін, аты-жөнін өзгертуді тіркеу, қалпына келтіруді тіркеу, қайтыс болуы туралы акт жазбасын растайтын құқықтық сипатқа ие құжаттарды тіркеп, рәсімдейді. Қазіргі таңда, статистикаға сәйкес, Аягөз ауданы бойынша халық саны 71228, қала бойынша 38492, ауыл бойынша 32736 құрайды. 2012 жылдан бастап, «АХАТ тіркеу пункті» бойынша 1937 жылдап бастап, 2007 жыл аралығы бойынша тіркелген 7 түрлі акт жазбалары бойынша базаға сканерленіп 21 000 жуық акт жазбасына өзектендірілу жасалған. 4 наурыз атаулы күнге орай аудандық мәдениет үйінде барлық санитарлық талаптарды сақтай отыра жиын өтті. Жиын барысында аудандық мәдениет тілдерді дамыту және спорт бөлімінің азаматтық хал актілерін тіркеу жөніндегі бас маманы Шынар Сұлтан Бектұрсынқызы баяндама жасады. Бөлім қызметкерлеріне аудан әкімінің арнайы алғыс хаты табыс етіліп, некесін рәсімдеуге келген жас отбасының неке қию рәсімі өтті.

