Тыл ардагерін құттықтады
Тыл ардагерін құттықтады.Наурыз -көктемнің жарқын мерекесі Ұлыстың Ұлы күні Наурыз мейрамы. Жыл өткен сайын Наурыз мейрамы елімізді мекендеген бүкіл халықтың, ұлт пен ұлыстың сағынып күтетін ортақ мерекесіне айналып, жаңа мазмұнмен, жарасымды сән-салтанатымен түрлене түсуде.Бүгін “ардагерлерді ардақтайық “партиялық жобасы аясында тыл ардагері 96 жастағы Қуанаева Хиуа әженің үйіне аудандық мәслихат депутаттары наурыз қоржын апарып,мерекемен құттықтады. Төлепбергенқызы Хиуа әженің өмірі тұнып тұрған естелік , шежіре . Жоқшылық пен жетімдіктің тауқыметін бұла шақтан тартып , ерте есейген . 1925 жылы дүнеиеге келген ол әкеден 4 жасында , ал анадан 9 жасында айрылып , жетімдіктің ащы дәмін татады . Нағашыларының қолында жүріп 4 класты бітіріп алады , әрі қарай Қуағашта 5-ші сыныпты оқыған соң…
