ru
Default banner
Разное
426 297 жазбалар48 тіркелуші
Всяко-разно
0

Наурыз мерекесін атап өту тұжырымдамасына сәйкес 17 наурыз –тарихқа тағзым күні

Наурыз мерекесін атап өту тұжырымдамасына сәйкес 17 наурыз –тарихқа тағзым күні. Бүгін “Nur Otan”партиясы аудандық филиалының қатысуымен аудандық кітапханада онлайн форматта тарихи сағат ұйымдастырылды.Қазақ тарихында әр ғасырда елге қызмет етудің озық үлгілерін көрсеткен ерлер аз емес. Қазақтың қайсар ұлдарының есімі ел тарихында алтын әріппен жазылып қала бермек.

Қазақ халық поэзиясының әйгілі тұлғасы, өлең сөздің дүлдүлі Жамбыл Жабаевтың туғанына биыл 175 жыл. Өлең сөздің дүлдүлі, жыр алыбы Жамбыл Жабаев 1846 жылдың 28 ақпанында Жамбыл облысындағы Жамбыл тауының етегінде дүниеге келді. Атамыз өнер бесігінде тербеліп өскендіктен ақындық дарыны жас кезінен-ақ таныла бастаған. Осы кездері де Сүйінбай Аронұлының ақ батасын алған. Көптеген суырып салма ақындармен сөз бәйгесіне түсіп, жүйріктерді жеңіп, шоқтығын асырып отырған. Жамбыл атамыз өлеңдеріне көбіне халықтың әлеуметтік-саяси өмірін, Патша үкіметінің отаршыл саясатын арқау етті. Ал, 1936-1945 жылдар аралығындағы жырлары 13 мың тармақтан асады. Ол ел өміріндегі табыс пен жаңғыруды, жеңіс пен ерлік істерді ерекше шабытпен жырлаған.

Қазақ жері мен елі талқыға түскен тұста айқындала бастаған ұлттық зиялылардың арасындағы бұл жік осы 1921 жылғы ашаршылық тұсында басталған еді. Қазақстанның солтүстiк батыс аймағын жайлаған аштық қазақ елiнiң ұлт боп өмiр сүруiне қауiп төндiрдi.

А.Байтұрсыновтың ұсынысымен «Аштарға көмек» комитеті құрылды. Басында бейтараптық танытқан Өлкелік комитет, ел-жұрттың алдындағы беделінен айырылып бара жатқанын көріп, еріксіз араласады. Ол туралы С.Меңдешевтің өзі: «Алашордашылар аштарға көмек көрсетуде белсенділік танытып, дербес қимылдап еді, біз олардың бұл әрекетіне қарсы тосқауыл қойып, іске араластық»,– деп жазды.Ашаршылықтың қазақ арасына ажал тырнағын салғанын, әр бұтаның түбiнде көмусiз қалғанын көрген Әуезов қызметке оралысымен дабыл қақты.

1991 жылғы 16 желтоқсанда «Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» Қазақстан Республикасының заңы қабылданды. Бұл – қазақ елі тарихындағы ақ-жарылқап сәттің туғанын күллі әлемге айғақ еткен ұлы күн. Қазақстан мемлекеттік тәуелсіздігі жарияланған сол шақ ел шежіресіне алтын әріптермен жазылды. Осылайша әлем картасында Қазақстан атты тәуелсіз жаңа мемлекет пайда болды. #Ерлересімі-елтарихы

#Тарихқатағзым

#Жамбыл175

#Алашкөсемдері

#Тәуелсіздік30