Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Қоғамдық қабылдау

«Nur Otan» партиясында жергілікті тұрғындардың ең көп келетін жері – Қоғамдық қабылдау бөлмесі. Барлық өтініштерге дер кезінде көңіл бөлініп, тиісті шешімін табуын қарастыру – партияның басты бағыттарының бірі болғандықтан, партиямызға халық сенімі жыл сайын арта түсуде. Бүгін аудандық партия филиалы төрағасының бірінші орынбасары Светлана Байтенова онлайн және офлайын форматта қабылдау өткізді.Қоғамдық қабылдау барысында тұрғындар тарапынан тұрақты жұмысқа орналастыру,қардан тазарту,материалдық көмек мәселелері қаралды.Әр өтінішке сәйкес заң аясында түсінік берілді.Сонымен қатар жалғызбасты анаға облыстық мәслихат депутаты арқылы пәтерақысы үшін көмек ұйымдастырылды.Осындай көмек ұйымдастыруға ықпал еткені үшін З.Абилова жетекші саяси партияға,қоғамдық қабылдаудың маңыздылығына шынайы аналық алғысын білдірді.”Nur Otan”партиясының қоғамдық қабылдаулары ашық болуы өте маңызды. Қоғамдық қабылдаулар халықтың айнасы іспетті болуы керек. Сондықтан да есік қағып келген әр тұрғынның мәселесіне құлақ түріп қана қоймай, оның шешілуін аяғына дейін қадағалау керек. Халықтың сенімі-бұл партияның ең басты мақсаты.#NurOtan #қоғамдық#қабылдау

0
0
139

Осы тақырып бойынша

Қоғамдық қабылдау - Yvision.kz