Қоғамдық қабылдауы өтті
Қоғамдық қабылдауы өтті.
“Nur Otan" партиясы Шыңғырлау аудандық қоғамдық қабылдау бөлмесінде аудан әкімі, аудан әкімі орынбасарлары,аудандық мәслихат депутаттары, бөлім басшылары, құқық қорғау өкілдері тұрғындарды толғандырған мәслелері бойынша кестеге сай қабылдайтыны туралы әлеуметтік желі мен аудандық газетке арқылы жарияланған болатын. Қоғамдық қабылдау бөлмесінде аудандық тұрғын үй коммуналдық шаруашылық,жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Ерсайын Шайымбетов және аудандық мәслихат депутаты Қылыш Жазықбаев онлайн форматта тұрғындарды қабылдады. Қабылдау барысында кезек бойынша алынған тұрғын үй мәселесі,азаматтардың диспансерлік есепке тұруына байланысты анықтамалар алу өтініштері тыңдалды. Диспансерлік есепке қойылған сұрақ бойынша мәселе оң шешімін тауып, қажетті анықтамалар толтырылып берілді.Жәнеде тұрғын үй мәселесіне байланысты заң аясында түсінік берілді.
