ru
Default banner
Разное
426 450 жазбалар45 тіркелуші
Всяко-разно
0

Тыл ардагерін құттықтады

Тыл ардагерін құттықтады.

Наурыз -көктемнің жарқын мерекесі Ұлыстың Ұлы күні Наурыз мейрамы. Жыл өткен сайын Наурыз мейрамы елімізді мекендеген бүкіл халықтың, ұлт пен ұлыстың сағынып күтетін ортақ мерекесіне айналып, жаңа мазмұнмен, жарасымды сән-салтанатымен түрлене түсуде.Бүгін “ардагерлерді ардақтайық “партиялық жобасы аясында тыл ардагері 96 жастағы Қуанаева Хиуа әженің үйіне аудандық мәслихат депутаттары наурыз қоржын апарып,мерекемен құттықтады. Төлепбергенқызы Хиуа әженің өмірі тұнып тұрған естелік , шежіре . Жоқшылық пен жетімдіктің тауқыметін бұла шақтан тартып , ерте есейген . 1925 жылы дүнеиеге келген ол әкеден 4 жасында , ал анадан 9 жасында айрылып , жетімдіктің ащы дәмін татады . Нағашыларының қолында жүріп 4 класты бітіріп алады , әрі қарай Қуағашта 5-ші сыныпты оқыған соң одан әрмен оқымай тастап кетеді . Білімі бар , қара таниды деп колхоз басқармасы оны 6 айлық тракторлық курсқа жіберіп , бұл кәсіптің тілін Лубенде меңгеріп шығады . Еркін , оқып - тоқығанын іс жүзінде дәлелдейтін де уақыт болмай , аяқ ас тынан соғыс басталады . Елдің барлық зейіні - майдан , ондағы жүрген тума туыстарының жағдайы . Сары уайым жеп , күнінен бұрын шөккен қарттар , еңсені басқан қайғы - қасіретке дәрмен қыла алмаған жастар , елдің сол кездегі көрінісі осындай еді . Жауынгерлерге көмек деп әжелер жүн түтіп , жіп иіріп , солдаттарға жылы шұлықтар тоқиды . Ал жастар жағы мен ересектер майданға деп тары теріп , оны қуырып , түйеді , актайды.

7 бала әкеліп өмірге , өсіріп , көзі жұмылғанша кіршіксіз киім кигізіп , бар дәмдісін аузына тосып ене бағып , ерін құрметтеп, енесінің де , елдің де ақ батасын алған Хиуа әже бүгінде таңымыз бейбіт атып , ұрпағымыз аман болса екен деген тілегін жеткізіп,батасын берді.