Партиялық бақылау күшейтілді.
"Nur Оtаn" партиясының «Өзгерістер жолы: әр азаматқа лайықты өмір» сайлауалды бағдарламасының Жол картасына сәйкес және ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мүгедектігі бар адамдардың құқықтарын қамтамасыз ету және өмір сүру сапасын жақсарту жөніндегі Ұлттық жоспар шеңберінде 2021 жылдың соңына қарай Казталов ауданы бойынша стандарттарға сәйкес келетін бейімделген объектілердің үлесі 20 пайызды құрауы тиіс. Әлеуметтік нысандардың барлық ішкі аймақтары мүмкіндіктері шектеулі әрбір азамат үшін қолжетімділік өлшемдеріне сәйкес келген жағдайда ғана бейімделген болады.Осы мақсатта аудан бойынша 32 әлеуметтік нысандар 4 санатты мүгедектігі бар адамдарға (тірек-қимыл аппараты бұзылғандар, кресло-арбамен қозғалатындар, көзі нашар көретіндер, құлағы нашар еститіндер) бейімдеу жос…

