Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Індетті қоғамдық көлік пен жиын-тойда жұқтыру дерегі көп

Індетті қоғамдық көлік пен жиын-тойда жұқтыру дерегі көп Облыс әкімі Ғали Есқалиевтің төрағалығымен өткен коронавирусқа қарсы жедел штаб отырысының шешімі бойынша өңірде санитарлық талаптарды күшейту қажеттілігі туындады. Күн санап облыс аумағындағы эпидемиологиялық ахуал күрделеніп, індет 23 пайызға дейін өршіп барады. 2021 жылдың 2 сәуір күні бір тәулікте ең жоғары көрсеткіш вирус жұқтырған 112 адам тіркеліп, Алматы қаласындағы ПТР орталығына жолданған сынамалардан да коронавирустың британдық және оңтүстік африкалық мутацияланған штамдары анықталып, инфекцияның нақты қай түрі екендігі ай соңында нақтыланады. БҚО санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Мұхамғали Арыспаев облыста КВИ-ды қоғамдық көлік пен жиын-тойда жұқтыру дерегі көп те, мұнай-газ кен орындарында вахталық әдіспен жұмыс жасайтын азаматтар арасында көрсеткіш жоғары екенін айтады. Орал қаласының әкімі Абат Шыныбековтың айтуынша, сәуір айы басталғалы мониторингтік топтар 17 карантиндік талаптарды бұзған жағдайды анықтап, ісі құзырлы органға жолданып, жолаушыларды тасымалдау мекемелері де санитарлық талапты елемегені үшін айыппұл арқалады. Бүгінде тұрғындардың өтініші бойынша қарбалас сәт уақытында №7 автобустың санын 4 бірлікке арттыру арқылы індет жұқтыру қаупін алдын алуға жағдай жасалды. Шаһардың жұқпалы аурулар ауруханасындағы төсек орын 90 пайызға толған, індеттің ілмегіне ілініп, ажал құшқандар 80-ге жуықтады. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев елімізде қалыптасқан күрделі жағдайды тұрақтандырудың амалын вакцинамен байланыстырады. Республикада ұжымдық иммунитет қалыптастыру үшін екпе салу 1 ақпанда басталған еді. БҚО әкімі Ғали Есқалиев вакцинаны шалғай аудандарға тасымалдауда мәселе туындамауын қадағалап, тұрғындарға вакцинаның тиімділігін насихаттау қажет деп санап, облыстық денсаулық сақтау басқармасы мен аудан әкімдеріне емханаларда вакцина сақталатын қойма жасақтау жұмысын жүктеді. Айым СҮЛЕЙМЕНОВА, «Ел және мұғалім»

0
0
155

Осы тақырып бойынша

Індетті қоғамдық көлік пен жиын-тойда жұқтыру дерегі көп - Yvision.kz