Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Қоғамдық қабылдау

Аудандық мәслихат депутаты Үсенова Сауле Рымбайқызы «Nur Otan» партиясының Қаратал аудандық партия филиалының кестесіне сәйкес қоғамдық қабылдау өткізіп, аудан тұрғындарын мазалап жүрген төмендегідей сауалдарына жауап берді. Көкпекті ауылының тұрғыны- Сатылғанов Нұрдәулет: Көкпекті ауылындағы Ы.Сағатбек және Жамбыл көшесіне электр шамдарын орнатып, жарықтандыруға ықпал етуіңізді сұраймыз. 2021-2022 жылдары Көкпекті ауылын электр шамдарымен жарықтандыру үшін жобалық-сметалық құжаттамасы әзірленіп, мемлекеттік сараптамадан оң қорытынды берілді, Жергілікті орган тарапынан Алматы облысы энергетика және тұрғын үй коммуналдық шаруашылығына аталған нысан бойынша қаражат бөлуге бюджеттік өтінім берілді. Қаражат бөлінген жағдайда ағымды жылы Көкпекті ауылын электр шамдарымен жарықтандыру жұмысы жанданады

0
0
148

Осы тақырып бойынша

Қоғамдық қабылдау - Yvision.kz