Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Партиялық жобалар аясында өткен жиын

«Jastar Otanga», «Кедергісіз келешек» партиялық жобалары аясында аудандық мәслихат депутаты Айжан Балажанова, аудандық Жастар ресурстық орталығы және «Жігер–М» мүгедек спортшылар федерациясының жетекшісі Тәжіғали Ходжамұратовпен ZOOM платформасы арқылы "Мүмкіндігі шектеулі жастарды спортқа тарту" тақырыбында онлайн жиын өтті. Жиынның мақсаты өмірде қиын жағдайда жүрген азаматтарды және мүмкіндігі шектеулі жастарды қолдау. Алдағы уақытта дойбы, шахмат, тоғызқұмалақ ойындары бойынша жастарымыз бақ сынасатын болады. Мұндай спорттық басқосудың мақсаты - мүмкіндігі шектеулі азаматтардың құқықтарын сақтау, әлеуметтік жағдайын жақсартуға және салауатты өмір салтын ұстануға айрықша назар аудару.

#жастаротанға

#жастаротанғақарасайауданы

#кедергісізкелешек

#кедергісізкелешекқарасайауданы

0
0
171

Осы тақырып бойынша

Партиялық жобалар аясында өткен жиын - Yvision.kz