Мазмұнға өту
Разное

Разное

425 551 жазбалар51 тіркелуші

Всяко-разно

С.Дошанова «Ардагерлерді ардақтайық» жобасы аясында, тыл ардагерінің үйлеріне барып кездесті.

Біздің ата— бабаларымыз қай замандада өзге ұлт өкілдерімен тату — тәтті өмір сүріп келген. Бірлігі, тірлігі жарасып жұмыс жасап, балаларын өсіріп, оқытып, қашанда бір — біріне қолдау көрсетіп, бірге өмір сүрген тамаша заман күндерін сағынышпен еске алып отырады.«Ардагерлерді ардақтайық» жобасы аясында, тыл ардагері Асанова Галина Дмитриевна—1937ж туылған, ардагерлеріміз Пастухов Николай Дмитриевич пен Василина Васильевна және Чернова Мария апамыздың үйлеріне барып кездестім. Әнгімелесіп, қал— жағдайларын сұрасып, біраз көңілдері көтеріліп қалды. Ұл—қыздары Ресейде, қалада тұратынын, олармен күнде хабар алысып, балдарының көмектесіп тұратынын айтып, осы ауылда олардың тамырлары, басқа жерге қоныс аударғысы келмейтінін, ауыл тұрғындарымен тату— тәтті өмір кешіп жатқандарын мақтанышпен әнгім…

0
0
193

Қажымұқан Мұңайтпасұлының 150 жылдығы

Қажы Мұқан Мұңайтпасұлы — Қазақ халқының тарихындағы тұңғыш кәсіпқой балуан. Тұтас ғұмырын күрес өнеріне арнап, ұланғайыр жері мен өршіл халқын бірінші болып өзге жұртқа паш еткен, өзінен бұрынғы қандастары баспаған топырақты басып, көрмеген елді көріп, өзге қазақ тақпаған алтын, күміс медальдарды мойнына тұңғыш ілген Қажы Мұқан бабамыз.

0
0
230

Жамал Қожамбердіқызы 1топтағы мүгедектерге тегін электронды мүгедектік арба табыс етті.

Ұйғыр аудандық маслихат депутаты Оқаева Жамал Қожамбердіқызы аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімімен біріге отырып Ұйғыр ауданындағы 1топтағы мүгедектерге тегін электронды заманауи мүгедектік арбаларды табыс етті.

0
0
175

Мәулен Мұқажанұлы аудан ақсақалы, соғыс ардагері Кебиров Алым атамыздың үйіне барып қайтты .

26 наурыз күні облыстық партия филиалы төрағасының бірінші орынбасары, облыстық мәслихат депутаты Гүлнәр Тойлыбаева және аудандық маслихат депутаты Нұров Мәулен Мұқажанұлы аудан ақсақалы, соғыс ардагері Кебиров Алым атамыздың үйіне барып қал-жағдайын сұрап қайтты. Ардагер қариямызды Ұлыстың ұлы күні Наурыз мейрамымен құттықтап, ақ батасын алды.

0
0
156

Аудандық маслихат депутаттары Сүмбе ауылының тұрғындары мен мектеп мұғалімдерімен кездесіп қайтты.

Nur Otan партиясы Ұйғыр аудандық филиалына түскен арызға сәйкес аудандық маслихат депутаттары Сүмбе ауылының тұрғындары мен мектеп мұғалімдерімен кездесіп қайтты.Кездесу барысында Жаңасай негізгі мектебі және Бірлік Сүмбе орта мектептерін қосу мәселесі қаралды. Сонымен қатар ауыл тұрғындары мен мектеп қызметкерлеріне түсіндіру жұмыстары жүргізіліп,алдағы уақытта зерделеу жұмыстары жүргізілетіндігі ескертілді.

0
0
175

Аудандық маслихат депутаты Мәулен Мұқажанұлы Шонжы,Бахар,Шырын ауылының тұрғындарымен кездесті.

7 сәуір күні аудандық партия филиалы төрағасының бірінші орынбасары, аудандық маслихат депутаты Нұров Мәулен Мұқажанұлы Шонжы,Бахар,Шырын ауылының тұрғындарымен кездесіп,қабылдау өткізіп қайтты. Қабылдау барысында ауыл тұрғындары жұмыспен қамту , жер құжаттарын рәсімдеу сынды сұрақтарын қойып,өтініштерін білдірді.

0
0
245

«Кедергісіз келешек» жобасы аясында Сүйеген Сағадаттың жағдайын білдім ұсыныс пікірлеріммен бөлістім

Өңірде ерекше қажеттіліктері бар адамдар үшін кедергісіз орта құру қашанда біздің назарымызда болу керек. Ерекше білімді қажет ететін мектепте төрт оқушымыз бар. Олардың әлеуметтік жағдайы, оқуға ынтасы, ортаға қалыптасуын үнемі назарда ұстап отырамын. Бүгін «Кедергісіз келешек» жобасы аясында Сүйеген Сағадаттың жағдайын білдім, ата— анасымен сөйлесіп, ұсыныс пікірлеріммен бөлістім. Баланың көңіл — күйі жақсы, есіктен кіргеннен қолымнан жетелеп, сабақ оқитын орнына апарды. Сағадатпен жылдар бойы мектептің әлеуметтік педагогі, дефектолог— мұғалім, психолог маманы жақсы жұмыстар атқарып келеді. Анасы Лариса да баласын уақытында дәрігерлерге қаратып, кеңестер алып отырады. Ата— анасы аман болсын!

#Кедергісізкелешек

#NurOtan

0
0
287

Онлайн форматта талдау өтті

“Nur Otan”партиясы аудандық филиалында “апта портреті”тапсырмасына сәйкес барлық санитарлық талаптарды сақтай отырып,партиялық бақылау комиссиясы мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі қоғамдық кеңес төрағаларының қатысуымен онлайн форматта талдау өтті. “Nur Otan”партиясы аудандық филиал төрағасының бірінші орынбасары Светлана Байтенова аталған тапсырмаға сәйкес тиісті мекемелердің анықтамаларын таныстырды.Бүгінгі таңда ауданымызда 16 мектеп жұмыс жасайды.Барлық мектепте кәріз жүйесі,ыстық су,мектепішілік дәретханалар бар.Жауапты тұлғалар: Садықов Айдос Қанатұлы - ауданның мектептердің техникалық жағдайын қамтамасыз ету жөніндегі маманы және барлық мектеп директорлары.Барлық 16 мектеп табиғи газбен жылытылады. Жылыту маусымы алдында ауданның барлық қазандықтары ТЖ, аудандық ТКШ жә…

0
0
239

Казиев Сағын Самигуллиевич канвассинг өткізді

Шыңғырлау аудандық мәслихатының депутаты, «Nur Otan» партиясы фракциясының мүшесі Казиев Сағын Самигуллиевич канвассинг форматында еңбек ардагері Ремизова Галина Михайловнаның шаңырағында болды. Еңбек ардагері Ремизова Галина Михайловна партияның әрбір бастамасынан хабардар екенін жеткізе отырып, партия мүшелері мен депутаттардың жұмысына сәттілік тілеп, ризашылығын білдірді.

«Nur Otan» партиясы Шыңғырлау аудандық филиалы

0
0
323

«Nur Otan» партиясында жергілікті тұрғындардың ең көп келетін жері – Қоғамдық қабылдау бөлмесі

«Nur Otan» партиясында жергілікті тұрғындардың ең көп келетін жері – Қоғамдық қабылдау бөлмесі.Әлеуметтік бағыттағы түрлі сұрақтардың да «қызуы көтеріліп» жататын жері осы Қоғамдық қабылдау алаңы. Қолға алған істері түрлі себептерге орай тиянақ таппағандықтан партияны арқа тұтып, бір көмектің болатынына сеніп келеді. Партияның қоғамдық қабылдау бөлмесінің жұмысын өз деңгейінде жүргізу аса төзімділікті, кәсіби біліктілікті, жан-жақты сауаттылықты талап етеді.2021 жылдың 3 айының қорытындысы бойынша «Nur Otan» партиясының Щыңғырлау аудандық филиалының қоғамдық қабылдауында болған азаматтардан түскен өтініштердің 47%-ы оң шешімін тапты. Тұрғындардың қоғамдық қабылдауға көптеп келуін халықтың партияға деген сенімінің арта түскендігімен байланысты. Барлық өтініштерге дер кезінде көңіл бөлініп,…

0
0
394