Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Онлайн форматта талдау өтті

“Nur Otan”партиясы аудандық филиалында “апта портреті”тапсырмасына сәйкес барлық санитарлық талаптарды сақтай отырып,партиялық бақылау комиссиясы мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі қоғамдық кеңес төрағаларының қатысуымен онлайн форматта талдау өтті. “Nur Otan”партиясы аудандық филиал төрағасының бірінші орынбасары Светлана Байтенова аталған тапсырмаға сәйкес тиісті мекемелердің анықтамаларын таныстырды.Бүгінгі таңда ауданымызда 16 мектеп жұмыс жасайды.

Барлық мектепте кәріз жүйесі,ыстық су,мектепішілік дәретханалар бар.

Жауапты тұлғалар: Садықов Айдос Қанатұлы - ауданның мектептердің техникалық жағдайын қамтамасыз ету жөніндегі маманы және барлық мектеп директорлары.

Барлық 16 мектеп табиғи газбен жылытылады. Жылыту маусымы алдында ауданның барлық қазандықтары ТЖ, аудандық ТКШ және теңгерім ұстаушымен бірлесіп құрылған комиссиямен тексерілді.Тексеру нәтижесінде ауданның барлық қазандықтары жылыту кезеңінде жұмысқа жіберілді. Барлық қазандықтар сигнализаторлармен жабдықталған. Ауданда жедел штабтың шешімі бойынша карантиндік режимге байланысты 16 мектеп, ыстық тамақ алынып тасталды.

2021 жылдың наурыз айында қоғамдық мекемелерге 2 рет рейд жүргізілді. Ауданда газ жабдықтары тиімді жұмыс істейді. Шыңғырлау ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінде 2020 жылдың желтоқсан айында газ инспекциясы қызметі ашылды. Газ инспекторы-Байғалиев Темірхан Сабырғалиұлы.

0
0
236

Осы тақырып бойынша

Онлайн форматта талдау өтті - Yvision.kz