Аудандық маслихат депутаттары Сүмбе ауылының тұрғындары мен мектеп мұғалімдерімен кездесіп қайтты.
Nur Otan партиясы Ұйғыр аудандық филиалына түскен арызға сәйкес аудандық маслихат депутаттары Сүмбе ауылының тұрғындары мен мектеп мұғалімдерімен кездесіп қайтты.Кездесу барысында Жаңасай негізгі мектебі және Бірлік Сүмбе орта мектептерін қосу мәселесі қаралды. Сонымен қатар ауыл тұрғындары мен мектеп қызметкерлеріне түсіндіру жұмыстары жүргізіліп,алдағы уақытта зерделеу жұмыстары жүргізілетіндігі ескертілді.
