С.Дошанова «Ардагерлерді ардақтайық» жобасы аясында, тыл ардагерінің үйлеріне барып кездесті.
Біздің ата— бабаларымыз қай замандада өзге ұлт өкілдерімен тату — тәтті өмір сүріп келген. Бірлігі, тірлігі жарасып жұмыс жасап, балаларын өсіріп, оқытып, қашанда бір — біріне қолдау көрсетіп, бірге өмір сүрген тамаша заман күндерін сағынышпен еске алып отырады.«Ардагерлерді ардақтайық» жобасы аясында, тыл ардагері Асанова Галина Дмитриевна—1937ж туылған, ардагерлеріміз Пастухов Николай Дмитриевич пен Василина Васильевна және Чернова Мария апамыздың үйлеріне барып кездестім. Әнгімелесіп, қал— жағдайларын сұрасып, біраз көңілдері көтеріліп қалды. Ұл—қыздары Ресейде, қалада тұратынын, олармен күнде хабар алысып, балдарының көмектесіп тұратынын айтып, осы ауылда олардың тамырлары, басқа жерге қоныс аударғысы келмейтінін, ауыл тұрғындарымен тату— тәтті өмір кешіп жатқандарын мақтанышпен әнгіме қылды. Әсіресе әкімшілік жанынан бөлінген үнемі көмектесіп тұратын әлеуметтік қызметкер Серикова Ұлпанға дән ризашылықтарын білдірді. Көпбалалы ана Ұлпан қашанда өзінің жұмысына аса жауапкершілікпен атқарып жүретінін бәріміз жақсы білеміз. Ал Мария апам( тётя Маруся, дейтінбіз) бала кезімізде, мені көргенде көзіне жас алды. Қызы Риммамен бір сыныпта оқыдым. Жолдасы Мұратпен Астана қаласында тұрады. Ардагерлеріміз, Еліміз тыныш болсын, бейбіт өмірде бірлігіміз жарасқан ел болайық, —деген игі тілектерін жеткізді.
#Ардагерлердіардақтайық
#NurOtan
