Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

«Nur Otan» партиясында жергілікті тұрғындардың ең көп келетін жері – Қоғамдық қабылдау бөлмесі

«Nur Otan» партиясында жергілікті тұрғындардың ең көп келетін жері – Қоғамдық қабылдау бөлмесі.Әлеуметтік бағыттағы түрлі сұрақтардың да «қызуы көтеріліп» жататын жері осы Қоғамдық қабылдау алаңы. Қолға алған істері түрлі себептерге орай тиянақ таппағандықтан партияны арқа тұтып, бір көмектің болатынына сеніп келеді. Партияның қоғамдық қабылдау бөлмесінің жұмысын өз деңгейінде жүргізу аса төзімділікті, кәсіби біліктілікті, жан-жақты сауаттылықты талап етеді.

2021 жылдың 3 айының қорытындысы бойынша «Nur Otan» партиясының Щыңғырлау аудандық филиалының қоғамдық қабылдауында болған азаматтардан түскен өтініштердің 47%-ы оң шешімін тапты.

Тұрғындардың қоғамдық қабылдауға көптеп келуін халықтың партияға деген сенімінің арта түскендігімен байланысты. Барлық өтініштерге дер кезінде көңіл бөлініп, тиісті шешімін табуын қарастыру – партияның басты бағыттарының бірі болғандықтан, партиямызға халық сенімі жыл сайын арта түсуде. Әсіресе, мемлекеттік органдар өкілдерінің қатысуымен өткен қоғамдық қабылдаулар аудан тұрғындарының оң пікірін арттыра түсіп, олардың көкейіндегі сұрақтарға көзбе-көз жауап алуларына жол ашты.

Бүгінгі таңда қабылдауға келген азаматтар «Nur Otan» партиясының аудандық филиалының қоғамдық қабылдау қызметінің жұмысына оң баға бере отырып, ризашылық білдіру алғыс хаттарын жазып қалдырды.Бүгін аудандық филиал төрағасының бірінші орынбасары Светлана Байтенова ауданымызда қалыптасқан эпидеомологиялық жағдайлпрға байланысты онлайн форматта қабылдау өткізді.Қабылдау барысында жалғызбасты ана З.Ибраева өзіне көрсетілген қайырымдылық шарасы үшін “Nur Otan”партиясына,аудандық филиалға ризашылық алғысын білдірді.Сонымен қатар жайылым жерге қатысты,”дипломмен ауылға”бағдарламасына қатысты сұрақтарға заң аясында түсіндірілді.Қоғамдық қабылдау арқылы түскен әр өтініш,әр сұрақ партия назарында.#қоғамдыққабылдау#NurOtan

0
0
389

Осы тақырып бойынша

«Nur Otan» партиясында жергілікті тұрғындардың ең көп келетін жері – Қоғамдық қабылдау бөлмесі - Yvision.kz