Мазмұнға өту
Разное

Разное

425 554 жазбалар51 тіркелуші

Всяко-разно

Райымбек аудандық партия филиалының төрағасы, аудан әкімі Нұржан Кеңесұлы ҰОС ардагерін құттықтады.

Бүгін, Ұлы Жеңістің 76 жылдық мерекесіне орай "Nur Otan" партиясы Райымбек аудандық филиалының төрағасы, аудан әкімі Нұржан Кеңесұлы Ұлы Отан соғысының ардагерін құттықтады.Уақыт өткен сайын қаһарман жауынгерлердің саны азайып барады. Осы айтулы мерекеде, ауданымызда қалған жалғыз Ұлы Отан соғысының ардагері, «Қызыл Жұлдыз» орденінің, «Кенисбергті алғаны үшін», «Ерлігі үшін» медальдарының иегері, Сүмбе ауылының тұрғыны 101 жастағы Оласанов Тұрған атамызды аудан әкімі Нұржан Кеңесұлы арнайы құттықтап барды. Облыс басшысы Амандық Ғаббасұлының алғыс хатын табыс етіп, ғасыр жасаған ардагердің жасаған ерліктеріне тағзым жасап, сый-сияпаттар табыс етті.Оласанов Тұрған 1920 жылы 20 наурызда Алматы облысы Нарынқол ауданы Сүмбе ауылында дүниеге келген. 1939 жылы Қызыл Армия қатарына әскерге шақыры…

0
0
208

#Ұлттықмұра

#Ұлттықмұра

"Ұлттық мұра" партиялық жобасы аясында Алматы облысы Райымбек ауданында

Шежіре, өнер-тәлім отауы үйірме мүшелерімен ер тоқымды жасау, оның тәсілдері қандай? Қамшының қасиеті қандай? Қалай өріледі? деген сұрақтарға іспен көрсетіп жауап іздедік.📷📷📷📷📷

Мақсатамыз: Жас ұрпаққа ата-бабамыздан келе жатқан құнды бұйымдарымызды насихаттап, атқа мінер азаматтар көп болсын деген ниетте таныстырылды. Қазақтың төл бұйымын ұмытпаған қарияларымыз аман болсын. Суретте Шежіре, өнер-тәлім отауы үйірме мүшелері, яғни шебер аталарымыз Тараншиев Әбдібақас ата, Алімсаев Сағыныш аға.📷

0
0
178

9 мамыр - Жеңіс күні

9 мамыр - Жеңіс күні

Бүгін "Nur Otan" партиясы Райымбек аудандық филиалы қызметкерлері мен аудандық мәслихат депутататы Жумаханов Ербол бірлесе Сүмбе ауылының тұрғыны, ҰОС ардагері Уласанов Тұрған атамызды Ұлы Жеңіс күнімен құттықтап қайтты.

Бұл мереке – жанқияр ерліктің, еңселі елдіктің рухы өрлеп, Жеңіс жалауы желбіреген күн. Бүгінгі тәуелсіздік тұғырының берік, еңсеміздің биік болуы да, еліміздің өркендеуі мен елордамыздың гүлденуі де – осынау мерекенің жемісі. Осы ардагерлерімізді ардақтап, көңіл бөлу, барынша қамқорлық көрсету әрбіріміздің азаматтық парызымыз деп білеміз.

#ЕрЕсіміЕлЕсінде

#АрдагерлердіАрдақтайық

0
0
127

#ҰлттықМұра

#ҰлттықМұра"Ұлттық мұра" партиялық жобасы аясында Райымбек ауданында, Райымбек батыр атындағы спорт кешенінде Қазақ күресінен Райымбек ауданының әкімінің жүлдесі үшін «Райымбек бөрісі» аудандық іріктеу турнирі өтті. Аудандық мәслихат хатшысы Е.Құдабаев, аудан әкімінің орынбасары С.Сатылғанов, аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Т.Ақылов жарысқа қатысушылардың намысын шыңдап, сәттілік тіледі. Ауданымыздың ауылдық округтерінен келген боз кілем шеберлері бақтарын сынап, кім мықтыны анықтады. Жанкүйерлер тартысты кездесулерге тәнті болып, қошемет көрсетті. 1 орынды Сарыжаз ауылынан келген Рысдәулет Мәулен, 2 орынды Нарынқолдық Әлімжан Ерлан, 3 орынды Қайнардың азаматы Раванов Мағжан мен Сүмбенің палуаны Атамбай Азамат жеңіп алды. Іріктеу турнирінде «Жетісу бөрісіне» облыстық…

0
0
266