9 мамыр - Жеңіс күні
9 мамыр - Жеңіс күні
Бүгін "Nur Otan" партиясы Райымбек аудандық филиалы қызметкерлері мен аудандық мәслихат депутататы Жумаханов Ербол бірлесе Сүмбе ауылының тұрғыны, ҰОС ардагері Уласанов Тұрған атамызды Ұлы Жеңіс күнімен құттықтап қайтты.
Бұл мереке – жанқияр ерліктің, еңселі елдіктің рухы өрлеп, Жеңіс жалауы желбіреген күн. Бүгінгі тәуелсіздік тұғырының берік, еңсеміздің биік болуы да, еліміздің өркендеуі мен елордамыздың гүлденуі де – осынау мерекенің жемісі. Осы ардагерлерімізді ардақтап, көңіл бөлу, барынша қамқорлық көрсету әрбіріміздің азаматтық парызымыз деп білеміз.
#ЕрЕсіміЕлЕсінде
#АрдагерлердіАрдақтайық
