Мазмұнға өту
Разное

Разное

425 554 жазбалар51 тіркелуші

Всяко-разно

Ұлы Отан соғысының аяқталғанына биыл міне 76-шы жыл.

Ұлы Отан соғысының аяқталғанына биыл міне 76-шы жыл. Жарты ғасырдан астам уақыт өтсе де "Жеңіс" деген сөз жүрекке соншалықты ыстық, көңілге соншалықты жақын сезіледі. Адамзат тарихында алтын әріппен жазылып қалатын "Ұлы жеңіс" жыл өткен сайын құрметпен аталып, даралана бермек. Ел басына күн туған қатерлі шақта миллиондаған ер жүрек ерлеріміз Отан үшін отқа түсіп, жанқиярлықпен күресті. Бүгінгі ұрпақ осынау ер жүрек ерлердің алдында мәңгілік қарыздар. Осы мерекеге орай мектебімізде "Ардагерлер - асыл ерлер" атты ардагерлермен кездесу өтті. Кездесуімізге Ауған соғысының ардагерлері Оспанов Мұрат Өзенбайұлы мен Есбатыров Асхат ағамыз келді. Алғашқы сөзді мектеп директоры, аудандық мәслихат депутаты Ибраимова Рахат Нығметбекқызы құттықтау сөзімен бастап, оқушыларымыз концерттік бағдарламалары…

0
0
239

Жеңіс есімі

аудандық партия филиалы төрағасының бірінші орынбасары К.Даулетбекова Қапал тұратын ауданымыздағы жалғыз Ұлы Отан Соғысы ардагері Моисеев Гаврил Степановичті мерекесімен құттықтап, сыйлықтар табыс етті.#Ардагерлердіардақтайық#Жеңісесімдері

0
0
152

Алиев Хабибулла Нассруллаұлы

1979-1981 жылдар аралығында әскер қатарында болып,әскерден келгеннен кейін 1982-1998 жылдары Қапал ауылындағы автобазада жүргізуші блып жұмыс жасады.1987 жылы 27 мамырдан 2 тамыз айларында Черноблыь атомды электр станциясының апатынан болған зардаптарды жоюға қатысқан.Онда жүргізуші болып жұмыс істеп, сол жердегі апатты блоктарды залалсыздандыруға атсалысқан.1987 жылы 20040 әскери бөлім майоры Мищенкодан мадақтама алған.Чернобыльдағы радиацияның әсерінен 1996 жылдан Ұлы Отан соғысына қатысушыларға теңестірілген III топты (2008жылдан) өмірлік мүгедек.2006 жыл АЭС - нің 20 жылдығының Чернобль ардагері деген төсбелгісімен, 2011 ж АЭС - нің 25 жылдығының медалімен, 2015 жылы АЭС - нің 30 жылдығының медалімен және 2017 жылы "Чернобыль АЭС - нің апат зардабын жоюға қатысушы" төсбелгісімен марап…

0
0
262

Жеңіс есімдері

5 мамыр күні Ұлы Отан соғысының 76 жылдығына орай ауыл ақсақалдар төрағасы Оразбеков Аманғали бастаған топ ақсақалдар ауылымыздың тұрғыны соғыс ардагері Моисеев Гаврил Степановичті кележатқан мейрамымен құттықтап, сыйлық табыстады.#Qaharman #NurOtan

0
0
144