Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Райымбек аудандық партия филиалының төрағасы, аудан әкімі Нұржан Кеңесұлы ҰОС ардагерін құттықтады.

Бүгін, Ұлы Жеңістің 76 жылдық мерекесіне орай "Nur Otan" партиясы Райымбек аудандық филиалының төрағасы, аудан әкімі Нұржан Кеңесұлы Ұлы Отан соғысының ардагерін құттықтады.

Уақыт өткен сайын қаһарман жауынгерлердің саны азайып барады. Осы айтулы мерекеде, ауданымызда қалған жалғыз Ұлы Отан соғысының ардагері, «Қызыл Жұлдыз» орденінің, «Кенисбергті алғаны үшін», «Ерлігі үшін» медальдарының иегері, Сүмбе ауылының тұрғыны 101 жастағы Оласанов Тұрған атамызды аудан әкімі Нұржан Кеңесұлы арнайы құттықтап барды. Облыс басшысы Амандық Ғаббасұлының алғыс хатын табыс етіп, ғасыр жасаған ардагердің жасаған ерліктеріне тағзым жасап, сый-сияпаттар табыс етті.

Оласанов Тұрған 1920 жылы 20 наурызда Алматы облысы Нарынқол ауданы Сүмбе ауылында дүниеге келген. 1939 жылы Қызыл Армия қатарына әскерге шақырылып, 1941 жылы Ұлы Отан соғысы басталысымен байланысшы болып 100-атқыштар дивизиясында Беларусь майданында жаумен соғысқан.

Беларусь, Литва елдерін жаудан азат етуге толық қатысып, ауыр жараланған.

1943 жылы майданда жарақат алған соң госпитальде жатып емделіп, шыққан соң 27- бригадада артиллерист болып Кенисберг қаласын алуға қатысқан. Соғыстан 1946 жылы оралып, ауылға келгеннен кейін, әлсіреген еліне, жеріне қызмет етуін жалғастырды.

9 бала сүйіп, 20 немере, 15 шөбере көріп отырған қария, ерлікті істерін ұрпағына айтудан жалыққан емес.

Ешкім де, ешқашанда ұмытылмақ емес. Ер есімі - ел есінде!

#АрдагерлердіАрдақтайық

0
0
208

Осы тақырып бойынша

Райымбек аудандық партия филиалының төрағасы, аудан әкімі Нұржан Кеңесұлы ҰОС ардагерін құттықтады. - Yvision.kz