#ҰлттықМұра
#ҰлттықМұра
"Ұлттық мұра" партиялық жобасы аясында Райымбек ауданында, Райымбек батыр атындағы спорт кешенінде Қазақ күресінен Райымбек ауданының әкімінің жүлдесі үшін «Райымбек бөрісі» аудандық іріктеу турнирі өтті. Аудандық мәслихат хатшысы Е.Құдабаев, аудан әкімінің орынбасары С.Сатылғанов, аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Т.Ақылов жарысқа қатысушылардың намысын шыңдап, сәттілік тіледі. Ауданымыздың ауылдық округтерінен келген боз кілем шеберлері бақтарын сынап, кім мықтыны анықтады. Жанкүйерлер тартысты кездесулерге тәнті болып, қошемет көрсетті. 1 орынды Сарыжаз ауылынан келген Рысдәулет Мәулен, 2 орынды Нарынқолдық Әлімжан Ерлан, 3 орынды Қайнардың азаматы Раванов Мағжан мен Сүмбенің палуаны Атамбай Азамат жеңіп алды. Іріктеу турнирінде «Жетісу бөрісіне» облыстық іріктеуге жолдама алған Рысдәулет Мәулен мен Әлімжан Ерланға ауданның намысын қорғау бақыты бұйырып тұр. Спортшылар аудан әкімі тағайындалған арнайы мақтау қағаздары мен арнайы медаль, кубокпен марапатталды. Ауданымыздың намысын облыста қорғайтын спортшыларымызға сәттілік тілейміз!
