Мазмұнға өту
Разное

Разное

425 556 жазбалар51 тіркелуші

Всяко-разно

31-мамыр күні Аягөз аудандық мәслихат депутаты Е.Юсупов аудан тұрғандарымен қабылдау өткізді.

31-мамыр күні Аягөз аудандық мәслихат депутаты Е.Юсупов "Nur Otan"партиясы Аягөз аудандық филиал ғимаратында аудан тұрғандарымен қабылдау өткізді. Қабылдау барысында Бельской М. азаматшаға азық-түлікпен көмек көрсетті.

0
0
146

31-мамыр күні Аягөз аудандық мәслихат депутаты Е.Юсупов аудан тұрғандарымен қабылдау өткізді.

31-мамыр күні Аягөз аудандық мәслихат депутаты Е.Юсупов "Nur Otan"партиясы Аягөз аудандық филиал ғимаратында аудан тұрғандарымен қабылдау өткізді. Қабылдау барысында Мадиева Б. азаматшаның өтініші бойынша Ларшын көшесіне жаяу жүргіншілер көпірін салып берді.

0
0
144

Адалдық – ақиқаттың айнасы

Қаламызда адалдық, әділдік, парасаттылық ұстанымдарын насихаттау мақсатында ақпараттықағартушылық штабы құрылып, әр апта сайын мекеме басшыларының және қоғам белсенділері мен штаб мүшелерінің қатысуымен сұхбат ұйымдастырылады. Өткен аптада Текелі қалалық №2 және №5 орта мектеп директорлары Маликов Айдын Тоқтамұратұлы және Иманбердиева Эльмира Сейдахметқызымен «Күшіңе сенбе, адал ісіңе сен», «Парасаттылық– біздің ойларымыздан басталады» тақырыптарында сұхбат өткізілді.Сұхбат барысында мектеп директорлары: «Бүгінгі күні парасаттылыққа негізделген қоғамды құруда сыбайлас жемқорлыққа қарсы сауаттылықты қалыптастырып, құқықтық мемлекеттің негізін тануды мектеп қабырғасынан бастауға баса назар аударылып келеді. Себебі, еліміздің өскелең жас буыны, оның ішінде болашақ мемлекеттік қызметшілер де…

0
0
156

Саяси Кеңес Бюросы

Бүгін Еңбекшіқазақ аудандық партия филиалында Саяси Кеңес Бюросы өтті.

Күн тәртібінде 2021-2025 жылға арналған «Жастар - Отанға» бағдарламасын жүзеге асыру жөніндегі Жол картасын бекіту туралы мәселе қаралды.

«Жастар - Отанға» бағдарламасы 5 бағыттан тұрады: Азаматтық белсенділік, сапалы білім, жұмысқа орналастыру және жұмыспен қамту, жас отбасыларды қолдау және қолжетімді баспана, тұлғалық даму және бос уақытты тиімді өткізу мәселелері нақтыланды.

#жастаротанға

0
0
144

Ескелді аудандық кітапханасында "Балалар бөлімінің" ашылу салтанаты өтті

Қазақстан Республикасының Президенті Қ.К. Тоқаевтың «2021 жыл – Қазақстандағы балалар мен жасөспірімдердің кітап оқуын қолдау жылы» деп жариялауы аясында, Ескелді аудандық кітапханасында 1-маусым Халықаралық балаларды қорғау күні қарсаңында "Балалар бөлімінің" ашылу салтанаты өтті. ____________________________ Бөлімнің тұсауын кесуге Ескелді аудандық маслихаттың хатшысы Сатанов Қанат Нүсіпжанұлы және "Nur Otan" партиясы Ескелді аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Жайық Тазабекұлы қатысып, балаларға ақ ниет, жылы лебіздерін білдірді. Аталмыш шара барысында кітапхана тарапынан балалармен ойындар ойналып, ынталандыру сыйлықтары табыс етілді. Ескелді ауданның әйелдерді қолдау орталығы қоғамдық бірлестігінің төрайымы. Ескелді ауданның аналар кеңесінің төрағасы Карипова Дина Бекетае…

0
0
244

"Бақытты отбасы" партиялық жобасы аясында

Бүгін Қазақстан Реуспубликасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай, "Nur Otan" партиясы аудандық филиалының бірінші орынбасары Қ.С.Байғоджаев, “Nur Otan” партиясы Алматы облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Г.Қ.Тойлыбаева, аудандық маслихат депутаты, аудандық партия филиалының консультанты Б.Б.Рахимов, "Еңбекшіқазақ" газетінің журналисі Е. Асыл, бірлесіп "Бақытты отбасы" партиялық жобасы аясында, Еңбекшіқазақ ауданы Есік қаласындағы орналасқан "Облыстық көру қабілеті бұзылған балаларға арналған арнайы мектеп – интернаты" КММ және Шелек ауылындағы "Алматы облыстық мамандандырылған балалар үйі" КММ мониторинг жүргізді. Сондай-ақ, 1 –маусым Халықаралық балаларды қорғау күніне орай, сыйлықтарын табыстады.

#nurotan

#Бақыттыотбасы

0
0
193

31 мамыр – саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні.

Тәуелсіздік алғаннан кейін 1993 жылы 14 сәуірде жаппай қуғын-сүргін құрбандарын ақтау туралы ҚР Заңы қабылданды. Ал, Елбасы, ҚР Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев 1997 жылды Жалпыұлттық татулық пен саяси куғын-сүргін құрбандарын еске алу жылы, сондай-ақ  31 мамыр – саяси саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні деп жариялады.  Бүгінгі күні, аудан әкімі Рустам Али, аудандық мәслихат хатшысы Сатанов Қанат, аудандық партия филиалы төрағасының бірінші орынбасары Жайык Тазабекұлы сонымен қатар аудандық мәслихат депутаттары, партия ардагерлері ашаршылық пен қуғын-сүргін құрбандарына арналған ескерткішке гүл шоқтарын қойып қайтты.

0
0
207

"Бақытты отбасы" партиялық жобасы аясында "балалар үшін қауіпсіз және жайлы Инфрақұрылым"акциясы

2021 жылдың 28 мамырында "Nur Otan" партиясы аудандық филиалының бірінші орынбасары, аудандық партиялық бақылау комиссиясының төрағасы А.Байтулаков, Еңбекшіқазақ аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Т. Ұзақов, "Jas Otan" ЖҚ , "Еңбекшіқазақ" газетінің журналисі Е. Асыл, "Nur Otan" партиясының аудандық филиалы жанындағы «Отбасы, әйелдер және балалардың құқықтарын қорғау» мәселелері жөніндегі қоғамдық кеңеспен бірлесіп мониторингтік топ ашық люктер, қозғалыс қауіпсіздігі бойынша рейд жүргізді. Мониторинг мақсаты "Бақытты отбасы" партиялық жобасы аясында "балалар үшін қауіпсіз және жайлы Инфрақұрылым"акциясын өткізу.

#Бақыттыотбасы

0
0
169