Ескелді аудандық кітапханасында "Балалар бөлімінің" ашылу салтанаты өтті
Қазақстан Республикасының Президенті Қ.К. Тоқаевтың «2021 жыл – Қазақстандағы балалар мен жасөспірімдердің кітап оқуын қолдау жылы» деп жариялауы аясында, Ескелді аудандық кітапханасында 1-маусым Халықаралық балаларды қорғау күні қарсаңында "Балалар бөлімінің" ашылу салтанаты өтті. ____________________________ Бөлімнің тұсауын кесуге Ескелді аудандық маслихаттың хатшысы Сатанов Қанат Нүсіпжанұлы және "Nur Otan" партиясы Ескелді аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Жайық Тазабекұлы қатысып, балаларға ақ ниет, жылы лебіздерін білдірді. Аталмыш шара барысында кітапхана тарапынан балалармен ойындар ойналып, ынталандыру сыйлықтары табыс етілді.

Ескелді ауданның әйелдерді қолдау орталығы қоғамдық бірлестігінің төрайымы. Ескелді ауданның аналар кеңесінің төрағасы Карипова Дина Бекетаевна бүлдіршіндерге тәтті тоқаштар мен сусындар алып келіп, балалардың көңілдерін көтерді. Бүгінгі мереке балаларға керемет көңіл-күй сыйлап, есте қаларлықтай болды.
