"Бақытты отбасы" партиялық жобасы аясында "балалар үшін қауіпсіз және жайлы Инфрақұрылым"акциясы
2021 жылдың 28 мамырында "Nur Otan" партиясы аудандық филиалының бірінші орынбасары, аудандық партиялық бақылау комиссиясының төрағасы А.Байтулаков, Еңбекшіқазақ аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Т. Ұзақов, "Jas Otan" ЖҚ , "Еңбекшіқазақ" газетінің журналисі Е. Асыл, "Nur Otan" партиясының аудандық филиалы жанындағы «Отбасы, әйелдер және балалардың құқықтарын қорғау» мәселелері жөніндегі қоғамдық кеңеспен бірлесіп мониторингтік топ ашық люктер, қозғалыс қауіпсіздігі бойынша рейд жүргізді. Мониторинг мақсаты "Бақытты отбасы" партиялық жобасы аясында "балалар үшін қауіпсіз және жайлы Инфрақұрылым"акциясын өткізу.
#Бақыттыотбасы
