31 мамыр – саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні.
Тәуелсіздік алғаннан кейін 1993 жылы 14 сәуірде жаппай қуғын-сүргін құрбандарын ақтау туралы ҚР Заңы қабылданды. Ал, Елбасы, ҚР Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев 1997 жылды Жалпыұлттық татулық пен саяси куғын-сүргін құрбандарын еске алу жылы, сондай-ақ 31 мамыр – саяси саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні деп жариялады. Бүгінгі күні, аудан әкімі Рустам Али, аудандық мәслихат хатшысы Сатанов Қанат, аудандық партия филиалы төрағасының бірінші орынбасары Жайык Тазабекұлы сонымен қатар аудандық мәслихат депутаттары, партия ардагерлері ашаршылық пен қуғын-сүргін құрбандарына арналған ескерткішке гүл шоқтарын қойып қайтты.
