Мазмұнға өту
Разное

Разное

425 556 жазбалар51 тіркелуші

Всяко-разно

Қоғамдық қабылдау

2021 жылдың 24 маусым айында "Nur Otan" партиясы Тасқала аудандық филиалының қоғамдық қабылдау бөлмесіне «Nur Otan» партиясы Тасқала аудандық филиал төрағасының бірінші орынбасары Л.Жұбанышқалиеваның қабылдауында Тасқала ауданы, Тасқала ауылының тұрғыны зейнеткер Н.Сорокина хабарласып ауласындағы өсіп кеткен шөпті шабуға көмек сұраған болатын. «Nur Otan» партиясы Тасқала аудандық филиал төрағасының бірінші орынбасарының бастамасымен еріктілер құрамы қол ұшын созды.

1
0
133

Қазақ ұлттық университеті (ҚазҰУ)

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті (ҚазҰУ) - Қазақстан Республикасының жоғары оқу орны. Университет 180 сала бойынша мамандар дайындайды. QS World University Rankings Results 2011 және Top Universities сайтының келтірген деректеріне қарағанда университет 2009 жылы 600 орынна төмен болған, ал 2010 жылы 501-550 аралығында болса, 2011 жылы 401-450 аралығына дейін көтерілген . 2012 жылғы әлемдік үздік 390-шы университет. Сонымен қатар, 72 ірі компания жетекшілері мен кадр бөлімі мамандары арасында жүргізген сауалнама негізінде жасалған «Рейтинг.kz» зерттеу орталығы жүргізген зерттеудің қорытындысы бойынша әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті – 41,7 пайыз жинап, 5-орында тұр Қазақ ұлттық университеті өзінің негізін 1934 жылы 15 қаңтарда қалағаннан бастап Қазақстандағы білім б…

0
0
286

Партиялық бақылау комиссиясының кезекті отырысы

2021 жылдың 25 маусым күні «Nur Otan» партиясы Сырым аудандық филиалының жанындағы Партиялық бақылау комиссиясы мүшелері жұмыспен қамту орталығымен ауданда "Еңбек" нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының орындалу барысы туралы талқылап, өз ойларын ортаға салды. Аудандық жұмыспен қамту орталығының бас маманы М.Жүкейдің мәлімдеуінше, 2019 жылдың қортындысы бойынша 116 адам мамандық алып шыққаннан кейін 103 –і жұмысқа орналасыпты, қалған 13 адам әр түрлі себепті орналаспау фактілері тіркелген. 2020 жылдың қортындысы бойынша 16 адам оқуға жолданып, 15-і оқуды аяқтап, 13-і мамандықтары бойынша жұмысқа орналасыпты. Қалған 2 адам әр түрлі себепті орналаспапты. Аудандық партиялық бақылау комиссиясы алдағы уақытта жастар…

0
0
144

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс - қимыл жөніндегі Қоғамдық кеңесінің отырысы өтті.

"Nur Otan" партиясы Сырым аудандық филиалы жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс - қимыл жөніндегі Қоғамдық кеңесінің 2021 жылға арналған жоспарына сәйкес ағымдағы жылдың 18 маусым күні Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс - қимыл жөніндегі Қоғамдық кеңесінің отырысы өтті. Күн тәртібінде Аралтөбе ауылдық округінде және Сырым аудандық білім беру бөлімінде сыбайлас жемқорлықпен күрес, оны болдырмау және алдын алу бойынша атқарылған шаралар туралы баяндамалары тыңдалды. Отырыс барысында қойылған сұрақтардын негізінде қаулы қабылданып, ұсыныстар берілді.

0
0
134

#қабылдау2021

"Nur Otan" партиясы Сырым аудандық филиалының қоғамдық қабылдау бөлмесінде аудандық маслихаттың депутаты, филиал жанындағы партиялық бақылау комиссиясының төрайымы Дүйсенғалиева Шынар Сайлауқызы онлайн және офлайн жүйесінде қоғамдық қабылдау өткізді. Қабылдауда Жымпиты, Жосалы, Қособа ауылдық округтерінің тұрғындары болды. Қабылдауда болған аудан тұрғындарының басты мәселелері тұрақты жұмыс, несие, материалдық көмек және тұрғын үй мәселелері.

0
0
194

Бақытты отбасы

"Nur Otan" партиясының "Бақытты отбасы" партиялық жобасы аясында "Балалар үшін қауіпсіз және жайлы Инфрақұрылым" атты акция шеңберінде люктердің талапқа сай болуы, ойын алаңдарын жарықтандыру, қозғалыс қауіпсіздігіне байланысты "Nur Otan" партиясы Сырым аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Т.М.Даргужиев, аудандық Төтенше жағдайлар бөлімінің аға инженері А.С.Қыдырсихов пен аудандық ТҮКШ және АЖ бөлімінің бас маманы Е.Қ.Беккужиндердің қатысуымен Жымпиты ауылында арнайы рейд жүргізілді.

0
0
179

Облыстық мәслихат депутаты қабылдау өткізді.

"Nur Otan" партиясы Сырым аудандық филиалының қоғамдық қабылдау бөлмесінде азаматтарды қабылдау кестесіне сәйкес облыстық мәслихат депутаты Ғ.Х.Нұрмуханов азаматтарды қабылдады. Қабылдау онлайн және оффлайн түрде өткізілді. Қабылдауға жолыққан Жымпиты ауылының тұрғыны А.Х.Мурадимова ауданның өзекті мәселелеріне тоқталып, өз көкейінде жүрген мәселелерді айтты.

Қабылдау барысында облыстық мәслихат депутаты қолдаңыстағы заңдарға сәйкес түсініктеме мен консультативтік-құқықтық кеңес берді. Көтерілген мәселелердің оңтайлы шешілуін бақылауда ұстайтының жеткізді.

0
0
149

Қайырымдылық — қадірлі іс

Өткен аптада «Jas Otan» жастар қанаты Ақтөбе облыстық филиалының ұйымдастыруымен белсенді жастар жалғызбасты қарттарға, аз қамтылған отбасыларға көмек көрсетті. Мәселен, «Қазхром» ТҰК» АҚ-ның жұмысшы белсенді жастары тыл ардагері Дәріжан Умралинаға қолғабыс жасады. Олар 90 жастағы кейуананың ауласының шөбін жұлып, сенбілік жұмыстарын жүргізді. Сонымен қатар жас депутаттар Сұлтан Асанов пен Ербол Қасымғалидың қолдауымен екі отбасыға азық-түлік пакеттері жеткізілді. Дәл осындай іс-шара Шалқар, Хромтау аудандарында да ұйымдастырылды. Аудан жастары қайырымдылық марафонына үлес қосты. Шалқарлық жасотандықтар ардагер қарттың ауласына сенбілік жүргізсе, хромтаулық жастар аудандық мәслихаттың жас депутаттарымен бірлесіп, аз қамтылған отбасыларға азық-түлік таратты.Аталған марафон аясында жыл басы…

0
0
215

Адам жанының арашасы – медицина қызметкерлерінің кәсіби мерекесі

1998 жылы Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен бекітілген бұл мереке жыл сайын маусымның үшінші жексенбісінде атап өтіледі. Дегенмен, бұл мерекенің тарихы тереңірек. Нақтырақ айтсақ, Кеңес заманында 1980 жылдың 1 қазандағы Жоғарғы кеңес төралқасының қаулысымен медицина қызметкерлерінің күні ресми бекітілген. Кеңес одағы ыдырағаннан кейін оның құрамындағы көптеген елдер бұл мерекеден бас тартты. Дегенмен, Беларусь, Армения, Молдова, Украина, Ресейде бұл күн әлі де аталып өтеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.Соңғы екі жыл бүкіл әлемді шарпыған коронавирус пандемиясы Жер шары тұрғындары үшін оңай соғып тұрған жоқ. Әсіресе, күні-түні ауруханаға түсіп жатқан науқастастардың жанын аман алып қалу үшін пандемия майданының алдыңғы шебінде жүрген медицина қызметкерлеріне ауыр тиіп от…

0
0
353

Өмір мәні

Сонау антика заманнан бері келе жатқан Аристотель,Платон сияқты ғұламалардың осы өмірдің мәнін ашуына еңбек етті.Осы философияда қалыптасу кезеңінде әртүрлі тарихи типтерге бөлініп кетеді. Ежелгі Үнді философиясы Ежелгі Қытай философиясы Антика философиясын алатын болсақ бар мәні өмірдегі адамның жан дүниесін ашуда. Кез-келген адамды әлем, қоршаған орта, қоғам, дін, діл, білім, саясат, мәдениет секілді мәселелер бей-жай қалдырмайтыны айдан анық. Ежелгі Үнді, Қытай Және Грек жерлерінде бір уақытта пайда болады. Сол кездегі ғұламалардың еңбектерінде негізгі ойы осы өмірдегі адамның рөлін ашып көрсетеді.Сондықтан философияның мән-мағынансын түсінсек қана өмірдің бәр мәнң ашылады.Осы философия деген ұғымның айналасына жинақталып келетін ауқымды сөз.Табиғатты түсіну өткен өмір жолынан өзіне ғи…

0
0
271