Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Партиялық бақылау комиссиясының кезекті отырысы

2021 жылдың 25 маусым күні «Nur Otan» партиясы Сырым аудандық филиалының жанындағы Партиялық бақылау комиссиясы мүшелері жұмыспен қамту орталығымен ауданда "Еңбек" нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының орындалу барысы туралы талқылап, өз ойларын ортаға салды. Аудандық жұмыспен қамту орталығының бас маманы М.Жүкейдің мәлімдеуінше, 2019 жылдың қортындысы бойынша 116 адам мамандық алып шыққаннан кейін 103 –і жұмысқа орналасыпты, қалған 13 адам әр түрлі себепті орналаспау фактілері тіркелген. 2020 жылдың қортындысы бойынша 16 адам оқуға жолданып, 15-і оқуды аяқтап, 13-і мамандықтары бойынша жұмысқа орналасыпты. Қалған 2 адам әр түрлі себепті орналаспапты. Аудандық партиялық бақылау комиссиясы алдағы уақытта жастарды еңбекпен қамту, жұмысқа орналастыру мәселелерін бақылауды жүзеге асыратын болады.

0
0
140

Осы тақырып бойынша

Партиялық бақылау комиссиясының кезекті отырысы - Yvision.kz