Қоғамдық қабылдау
2021 жылдың 24 маусым айында "Nur Otan" партиясы Тасқала аудандық филиалының қоғамдық қабылдау бөлмесіне «Nur Otan» партиясы Тасқала аудандық филиал төрағасының бірінші орынбасары Л.Жұбанышқалиеваның қабылдауында Тасқала ауданы, Тасқала ауылының тұрғыны зейнеткер Н.Сорокина хабарласып ауласындағы өсіп кеткен шөпті шабуға көмек сұраған болатын. «Nur Otan» партиясы Тасқала аудандық филиал төрағасының бірінші орынбасарының бастамасымен еріктілер құрамы қол ұшын созды.
