Мазмұнға өту
Разное

Разное

425 556 жазбалар51 тіркелуші

Всяко-разно

"Балалар үшін қауіпсіз және жайлы Инфрақұрылым" атты акциясы

«Nur Otan» партиясының "Бақытты отбасы" партиялық жобасы аясында "Балалар үшін қауіпсіз және жайлы Инфрақұрылым" атты акциясы Жәнібек ауылында аудандық партия бақылау комиссияның мүшелерімен өткізілді. Акция ашық люктердің болуына, аулаларды жарықтандыруға, қозғалыс қауіпсіздігіне рейд жүргізуді көздейді. Акцияны өткізу барысында кемшіліктер анықталған жоқ,барлық қауіпсіздік шаралары сақталған.

0
0
209

Жәнібек ауылында тұрғындардың наразылығын тудыруда

Бүгін партиялық бақылау аясында «Nur Otan» партиясы Жәнібек аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Біржан Қуанәлиев, «Nur Otan» партиясы Жәнібек аудандық филиалы жанындағы партиялық бақылау комиссиясының төрағасы Мейрамбек Ибатов-жұмыспен қамту орталығының басшысы, «Жәнібек» бастауыш партия ұйымының төрайымы Ләззат Айтқалиқызы , аудандық жол полициясының инспекторы Динара Масанова және басқа да топ мүшелері арнайы бақылауға шықты. Ауданға жол салынатынын естігенде Жәнібектіктердің қуанышында шек болмады. Алайда жол салып жатқан мердігерлердің жүк тасушы ауыр көліктері Жәнібек ауылының ішімен өтіп, ауылішілік асфалтты бүлдіре бастады. Дәлірек айтсақ ауыл сыртында орналасқан айналма жолмен өтуді қиынсынған жүргізушілер, жол қысқартпақ ниетпен Жәнібек ауылының оңтүстік бағытындағы Е…

0
0
211

Тұрғындардың наразылығын тудыруда

Ауданға жол салынатынын естігенде жәнібектіктердің қуанышында шек болмады.Алайда жол салып жатқан мердігерлердің жүк тасушы ауыр көліктері Жәнібек ауылының ішімен өтіп, ауылішілік асфалтты бүлдіре бастады.Дәлірек айтсақ ауыл сыртында орналасқан айналма жолмен өтуді қиынсынған жүргізушілер, жол қысқартпақ ниетпен Жәнібек ауылының оңтүстік бағытындағы Е.Ниетқалиев атындағы көше арқылы өтеді.Сонымен қатар, Қ.Мусин, Т.Жароков атындағы және Жеңіс көшелерімен де ауыр техникалардың жүріп өткенін көрген тұрғындар Жәнібек ауылдық округі әкімінің орынбасары, «Жәнібек» бастауыш партия ұйымы төрайымының атына арыз-шағымдар түсірді.Осыған орай аудандық партияның бақылау комиссиясының төрағасы Миранбек Ибатов пен «Жәнібек» бастауыш партия ұйымының төрайымы Ләззат Айтқалиқызы және аудандық жол полициясы…

0
0
234

Иесіз ғимараттар апатты жағдайда

Жәнібек ауылдық округі әкімінің орынбасары, «Жәнібек» бастауыш партия ұйымының төрайымы Ләззат Абдолова, «Nur Otan» партиясы Жәнібек аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Біржан Қуанәлиев пен аудандық партияның бақылау комиссиясының төрағасы Миранбек Ибатов Водстрой көшесі тұрғындарының наразылығын негізге ала отырып, аталған көшенің маңында орналасқан ескі ғимараттарды аралады.

Ләззат Айтқалиқызы бақылау комиссиясының мүшелеріне ет, шұжық комбинаттарының қаңқасы, туберкулез ауруханасының орындары апатты жағдайда тұрғандығын және тұрғындар үшін қауіп тудыратынын, сонымен қатар ауылдың абаттандырылуына да теріс әсерін тигізетінін айтып, аталған ғимараттарды бұзып, орындарын тегістеуге қажеттілік туындап тұрғандығын жеткізді.

0
0
204

Аудандық филиалының саяси кеңесі бюросының кезекті отырысы өтті

Бүгін онлайн форматында «Nur Otan» партиясы Жәнібек аудандық филиалының төрағасы Сафималиев Азамат Сафималиұлы төрағалығымен аудандық филиалының саяси кеңесі бюросының кезекті отырысы өтті. Күн тәртібінде бір-ақ мәселе қойылды. Ол «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!» Сайлауалды бағдарламасынан туындайтын Жәнібек ауданы бойынша «Жастар -Отанға» бағдарламасын іске асыру жөніндегі жол картасын бекіту. Саяси кеңес мүшелері жол картасын бірауыздан бекітіп, тиісті қаулы қабылдады.

0
0
167

Азаматтармен көшпелі жеке қабылдау жүргізілді.

Жарма аудандық мәслихатындағы "Nur Otan" партиясы фракциясының депутаты Садыкова Найля Мерекеновна азаматтармен көшпелі жеке қабылдау жүргізді. Қабылдау барысында көтерілген сұрақтар легі жұмысқа орналасу және материалдық көмек көрсету туралы болды. Аталған сұрақтар оң шешімін тапты.

0
0
213

Нәубет құрбандарын еске алды

Аудан орталығындағы ашаршылық пен саяси қуғын сүргін құрбандарына арналған ескерткіш-белгінің алдына жиналған аудан активі нәубет жылдарында жазықсыз жапа шеккендерді еске алу рәсімін өткізді.Жиында аудан әкімінің орынбасары Асхат Молдағалиев пен аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Амангелді Уәлиев жаппай қуғын сүргін және аштық құрбандарына арналған ескерткіш-белгіге, аудандық маслихат хатшысы Тахир Кадимов пен аудандық қоғамдық кеңестің төрағасы Бекет Әліпқалиев революция құрбандарына арналған ескерткіш-белгіге, «Nur Otan» партиясы Жәнібек аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Біржан Қуанәлиев пен еңбек ардагері Меркен Кенжеғалиев қазақтың революционер қызы Алма Оразбаеваға арналған ескерткіш-белгіге гүл шоқтарын қойып, зобалаң шақта зорлық-зомбылыққа ұшырағандардың рухына…

0
0
182

Партиялық бақылау аясында

Партиялық бақылау аясында «Nur Otan» партиясы Жәнібек аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Біржан Қуанәлиев, «Nur Otan» партиясы Жәнібек аудандық филиалы жанындағы партиялық бақылау комиссиясының төрағасы Мейрамбек Ибатов,жұмыспен қамту орталығының басшысы және комиссия мүшелерінің қатысуымен Жәнібек ауылында орналасқан Т.Жароков атындағы орта білім беретін мектебіне барып, жұмыс процесімен танысты. Жұмыс барысында мектептегі кәріз жүйесінің жұмыс жасау,ыссы сумен қамтамасыз етілуі және әжетхана жағдайларының мәселелері қаралды. Мектепте, коммуналдық қызметтердің барлық түрлері жұмыс жасап тұр және оқушылар үшін білім алуға барлық жағдай жасалған.

0
0
139

Сенбілік ұйымдастырылды

Жәнібек ауылдық округ әкімі аппараты, Жәнібек аудандық "Nur Otan" партия филиалының "Жәнібек" бастауыш партиясына қабылдауға келген, жалғыз басты қариялар М. Негметова, В. Хабибуллина, Т. Балмағамабетов, Н. Попеняның ауласы шөптен тазартылды. Н. П. Карповның терегі кесіліп қалдық тұрмыстық қалдық төгетін шұңқыр қазып , І - топ мугедегі М. Кауиевке даретхана қондырып берді.

Округ әкімінің орынбасары, Жәнібек аудандық "Nur Otan" партиясы филиалының Жәнібек бастауыш партия төрайымы Ләззат Айтқалиқызы

0
0
178

Депутаттық фракциясының кезекті отырысы өткізілді

Бүгін «Nur Otan» партиясының Жәнібек аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Біржан Қуаналиевтің төрағалығымен аудандық мәслихатындағы «Nur Otan» партиясының депутаттық фракциясының кезекті отырысы өткізілді. Отырысқа аудандық мәслихат хатшысы Тахир Кадимов және депутаттық фракцияның мүшелері қатынасты.Отырыс күн тәртібіне партияның «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!» сайлауалды бағдарламасын іске асыру жөніндегі Жол картасында белгіленген міндеттерді орындау бойынша ағымдағы жылғы бірінші тоқсанында атқарылған жұмыстар туралы мәселе енгізілді.Бұл мәселеге қатысты отырысқа қатынасқан әр депутаттық фракция мүшесі өздеріне жүктелген міндеттерді жүзеге асыру бағытында қолға алынған шаралар туралы баяндап, аудан экономикасын одан әрі дамытудағы, ауданның бірқатар өзекті мәсел…

0
0
251