Жәнібек ауылында тұрғындардың наразылығын тудыруда
Бүгін партиялық бақылау аясында «Nur Otan» партиясы Жәнібек аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Біржан Қуанәлиев, «Nur Otan» партиясы Жәнібек аудандық филиалы жанындағы партиялық бақылау комиссиясының төрағасы Мейрамбек Ибатов-жұмыспен қамту орталығының басшысы, «Жәнібек» бастауыш партия ұйымының төрайымы Ләззат Айтқалиқызы , аудандық жол полициясының инспекторы Динара Масанова және басқа да топ мүшелері арнайы бақылауға шықты. Ауданға жол салынатынын естігенде Жәнібектіктердің қуанышында шек болмады. Алайда жол салып жатқан мердігерлердің жүк тасушы ауыр көліктері Жәнібек ауылының ішімен өтіп, ауылішілік асфалтты бүлдіре бастады. Дәлірек айтсақ ауыл сыртында орналасқан айналма жолмен өтуді қиынсынған жүргізушілер, жол қысқартпақ ниетпен Жәнібек ауылының оңтүстік бағытындағы Е.Ниетқалиев атындағы арқылы өтеді. Сонымен қатар, Қ.Мусин, Т.Жароков атындағы және Жеңіс көшелерімен де ауыр техникалардың жүріп өткенін көрген тұрғындар Жәнібек ауылдық округі әкімінің орынбасары, «Жәнібек» бастауыш партия ұйымы төрайымының атына арыз-шағымдар түсірді. Осыған орай «Nur Otan» партиясы аудандық бақылау комиссиясының төрағасы Миранбек Ибатов және басқа да топ мүшелері арнайы бақылауға шықты. Тексеріс барысында комиссия мүшелері мердігер «Атырау жолдары» ЖШС-ның қызметкерлеріне арнайы бекітілген айналма жолмен жүру керектігін ескертіп, бүлінген жолдарды қайта қалпына келтіруге тапсырма берді.Мердігер «Атырау жолдары» ЖШС-ның жоба басшысы Әліби Омарұлы берілген тапсырманы бір апта ішінде орындауға уәде етті.

