Мазмұнға өту
Разное

Разное

425 555 жазбалар51 тіркелуші

Всяко-разно

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауын жариялады.

2021 жылдың қыркүйек айының 1 жұлдызында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына "Халық бірлігі мен жүйелі реформалар - ел өркендеуінің берік негізі"атты Жолдауын жариялады. Жолдауда осыған дейін жүзеге асқан дүниелер айтылып, алға жаңа мақсат-міндеттер қойылды. Осы орайда аудандық орталық модельді кітапхананың оқу залында Президенттің жаңа Жолдауына қатысты пресс-стол ұйымдастырды.

0
0
250

Nur Otan: Теннис корты мен баскетбол алаңына жөндеу жұмыстары жүргізілді

«Nur Otan» партиясының «Өзгеріс жолы: Әр азаматқа лайықты өмір» сайлауалды бағдарламасы аясында Шығыс Қазақстан облысы Курчатов қаласында бұқаралық спортты дамыту бағыты бойынша теннис корты мен баскетбол алаңының аумағына абаттандыру жұмыстары жүргізілді.Бұл алаң бұрын қолдануға жарамсыз болатын, осы жерде тұратын жастар бос уақыттарында спортпен айналысайын десе мүмкіндік болмады. Ал қазір күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп, қолданысқа берілді. Біз қуаныштымыз тұрғындар атынан істің басында болып, бақылауға алып жүзеге асырылуана ықпал жасаған «Nur Otan» партиясына алғыс білдіреміз- дейді Курчатов қаласының тұрғыны Қ.О. Толеубеков.«Nur Otan» партиясы Курчатов қалалық филиалына сайлау науқыны кезінде осы спорт алаңдарына қатысты жастар атынан өтініштермен ұсыныстар көптеп түскен болатын…

0
0
222

Канвассинг аясында ардагер ағамызбен кездесу

Канвассинг аясында ардагер ағамызбен кездесуТәуелсіздік – еліміздің баға жетпес байлығы. Тәуелсіздік – тәңірдің бүгінгі ұрпаққа берген үлкен бақыты, халқымыздың мәңгілік құндылығы.Қазақстан тәуелсіздіктің бесігінде тербеліп жатқанына 30 жыл. Осы уақыт аралығында ауданымыздың өсіп-өркендеуіне өз үлесін қосып, ұзақ жылдардан бері үздіксіз еңбектеніп, қазіргі таңда еңбегінің жемісін көріп отырған ардагер ағамыз Нұрмұқанов Құбайдолла Жанғабылұлы мерекемен құттықтап, сұхбаттасып қайтқан болатынмын. Нұрмұқанов Құбайдолла Жанғабылұлы 03.12.1948 жылы туған, білімі жоғары. 1972 жылы К.А.Тимирязев атындағы Мәскеу ауылшаруашылығы академиясын бітірген, мамандығы экономика және ауыл шаруашылығын ұйымдастыру.Камен ауданы «Красный Маяк» совхозы №2 бөлімшесінің тракторист-жүргізуші, Көкшетау облысы Чкало…

0
0
221

Жолдауға -қолдау

Жолдауға -қолдау2021 жылғы 01 қыркүйек күні сағат 11-00де Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев Парламент Палаталарының бірлескен отырысында «Халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел өркендеуінің берік негізі» атты Жолдауын жариялап, Қазақстанның алдағы даму стратегиясын айқындап берді. Жолдаудың қазіргі уақтыттағы маңыздылығы - бүкіл әлемді жайлаған пандемиядан кейінгі кезеңдегі, ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы қарсаңында елді одан әрі нығайту, ұлттық құндылығымыз - егемендігімізді нығайту, елдегі бейбіт өмір, тұрақтылық пен тыныштықты сақтау, саяси жаңғырту, білім беру мен денсаулық сақтау саласын дамыту, еңбек нарығында тиімді эко жүйе құру, адам құқығын қорғау, ұлттық бірлікті нығайту бойынша нақты міндеттерді айқындай келе, Мемлекет басшысы қазақстандықтардың әл-ауқатын арттыр…

0
0
359

1 қыркүйек - білім күні құтты болсын!

1 қыркүйек - білім күні құтты болсын! 1 қыркүйек барша халықтың, әсіресе балалардың көптен күтетін мерекесі!Бұл мереке кейбір азаматтардың мектеп қабырғасын, колледж және жоғары оқу орындарына барған күндерін еске түсірсе, жас мұғалімдердің алғашқы жұмыс күні әсері мен толғанысын айғақтайтын ұмытылмас сәттерімен есте қалады.Әрбір адамның өміріне ерекше әсер қалдыратын бұл күн еліміздің барлық тұрғындарының басын біріктіреді: мектеп табалдырығын аттауға асыққан бірінші сынып оқушылары, өзі армандаған мамандыққа қол жеткізген ЖОО - ға мақтанышпен келген мектеп қабырғасын жаңа ғана аяқтаған түлектер, осы күйді екінші рет бастан кешіп отырған ата - аналар.Білім беру мекемелерінің педагогтары мен жетекшілері бүгін, яғни 1 қыркүйек күні білім қабырғаларын аттағалы тұрған оқушылар мен тәрбиелену…

0
0
595

Онлайн режимінде қоғамдық қабылдау өтті

Онлайн режимінде қоғамдық қабылдау өтті

Бүгін 31 тамыз күні "Nur Otan" партиясы Тасқала аудандық филиалының қоғамдық қабылдау бөлмесінде "Nur Otan" партиясы аудандық филиалының төрағасы, аудан әкімі Халелов Алдияр Сансызбайұлы азаматтардың жеке сұрақтары бойынша онлайн форматта қабылдау өткізді.

0
0
198