Мазмұнға өту
Разное

Разное

425 555 жазбалар51 тіркелуші

Всяко-разно

Онлайн режимінде қоғамдық қабылдау өтті

"Nur Otan" партиясы Тасқала аудандық филиалының қоғамдық қабылдау бөлмесінің кестесіне сай аудандық жер қатынастар бөлімінің басшысы Сәлімгерей Уәлиұлы Ғаббасов онлайн режимінде қабылдау өткізді. Ауыл тұрғындарының түрлі сұрақтары бойынша заң аясында жауаптар берді.

0
0
218

«Мектепке жол» партиялық қайырымдылық акциясы аясында

Жетісу ауданы «Nur Otan» партиясы филиалының ұйымдастыруымен, Алматы қалалық Мәслихат депутаттары Қайрат Құдайберген, Ләззат Ибрагимова және Әсел Құрманбектің қолдауларымен «Мектепке жол» партиялық қайырымдылық акциясы аясында, аудандағы көп балалы аз қамтылған отбасылардың балаларына арнап 100 оқуға қажетті құрал-жабдықтар мен мектеп сөмкелері табысталды. Қаладағы карантиндік шектеулерге байланысты, 80 оқушы сөмкелерін, әр мектеп өз мекемелерінде тарататын болады. «Мектепке жол» акция өз жалғасын табады. Бүлдіршіндерімізге жаңа оқу жылын сәтті бастауларына, оқуда алда болуларына тілектеспіз!

0
0
164

«Бақытты отбасы» партиялық жобасы аясында тамыз айында атқарылған жұмыстар туралы

Nur Otan» партиясы Алматы облысы Қарасай аудандық филиалы тамыз айында «Бақытты отбасы» партиялық жобасы аясында 3 іс-шара өтіп, 27 адамның қатысуымен 19 адамға көмек көрсетілді. Аталған шаралар БАҚ бетіне, әлеуметтік желілерге жарияланды.Мысалы, «Бақытты отбасы» партиялық жобасы аясында "Nur Otan" партиясы Қарасай аудандық филиалының қоғамдық қабылдау бөлмесінде карантин талаптарын сақтай отырып, азаматтарды жеке мәселелері бойынша аудандық мәслихат депутаты Б.Сүнбеков қабылдау жүргізді. Қабылдауға келген Қаскелең қаласының тұрғындары баласын мектеп алдында даярлау бойынша көмек сұрап келсе, енді біріне азық-түлікпен көмек көрсетуді сұрады. Қабылдау барысындағы тұрғындардың өтініштері ескеріліп, алдағы уақытта көмек көрсетілетінін жеткізді.Сондай-ақ, Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігін…

0
0
186

Nur Otan қыркүйек айындағы министрлердің қабылдау кестесін жариялады

Карантиндік шектеулер ескеріле отырып, олар Республикалық қоғамдық қабылдау бөлмесі алаңында онлайн-форматта өтеді.Сонымен, 1 қыркүйекте азаматтарды қабылдауды Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі төрағасының орынбасары Нұрлан Әбдіраманов, 3 қыркүйекте – Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі төрағасының орынбасары Марат Омаров, 8 қыркүйекте – «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының басқарма төрағасының орынбасары Шыңғыс Темір өткізеді.Азаматтарды партия алаңында 10 қыркүйекте Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов, 15 қыркүйекте – Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. Ербол Қарашөкеев, 22 қыркүйекте – Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі Кемелбек Ойшыбаев, 24 қыркүйекте – Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов және Еңбек және халықты әлеуметтік қ…

0
0
222