Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Nur Otan: Теннис корты мен баскетбол алаңына жөндеу жұмыстары жүргізілді

«Nur Otan» партиясының «Өзгеріс жолы: Әр азаматқа лайықты өмір» сайлауалды бағдарламасы аясында Шығыс Қазақстан облысы Курчатов қаласында бұқаралық спортты дамыту бағыты бойынша теннис корты мен баскетбол алаңының аумағына абаттандыру жұмыстары жүргізілді.

Бұл алаң бұрын қолдануға жарамсыз болатын, осы жерде тұратын жастар бос уақыттарында спортпен айналысайын десе мүмкіндік болмады. Ал қазір күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп, қолданысқа берілді. Біз қуаныштымыз тұрғындар атынан істің басында болып, бақылауға алып жүзеге асырылуана ықпал жасаған «Nur Otan» партиясына алғыс білдіреміз- дейді Курчатов қаласының тұрғыны Қ.О. Толеубеков.

«Nur Otan» партиясы Курчатов қалалық филиалына сайлау науқыны кезінде осы спорт алаңдарына қатысты жастар атынан өтініштермен ұсыныстар көптеп түскен болатын. Жастардың өтініші ескеріліп қалалық сайлау бағдарламасына еңгізілген болатын.

0
0
221

Осы тақырып бойынша

Nur Otan: Теннис корты мен баскетбол алаңына жөндеу жұмыстары жүргізілді - Yvision.kz