Канвассинг аясында ардагер ағамызбен кездесу
Канвассинг аясында ардагер ағамызбен кездесу
Тәуелсіздік – еліміздің баға жетпес байлығы. Тәуелсіздік – тәңірдің бүгінгі ұрпаққа берген үлкен бақыты, халқымыздың мәңгілік құндылығы.
Қазақстан тәуелсіздіктің бесігінде тербеліп жатқанына 30 жыл. Осы уақыт аралығында ауданымыздың өсіп-өркендеуіне өз үлесін қосып, ұзақ жылдардан бері үздіксіз еңбектеніп, қазіргі таңда еңбегінің жемісін көріп отырған ардагер ағамыз Нұрмұқанов Құбайдолла Жанғабылұлы мерекемен құттықтап, сұхбаттасып қайтқан болатынмын. Нұрмұқанов Құбайдолла Жанғабылұлы 03.12.1948 жылы туған, білімі жоғары. 1972 жылы К.А.Тимирязев атындағы Мәскеу ауылшаруашылығы академиясын бітірген, мамандығы экономика және ауыл шаруашылығын ұйымдастыру.
Камен ауданы «Красный Маяк» совхозы №2 бөлімшесінің тракторист-жүргізуші, Көкшетау облысы Чкалов аудандық атқару комитеті ауылшаруашылық басқармасының аға экономисі, БҚО облысы Камен ауданы Крупская атындағы совхоздың бас экономисі, Ленин атындағы совхозда партком хатшысы, бас экономисі, аудандық халық депутуттары кеңесінің бөлім менгерушісі, аудандық мәслихат депутаттары жиналысының бөлім меңгерушісі,аудандық халықты әлеуметтік қорғау бөлімінің меңгерушісі, III шақырылған Тасқала аудандық мәслихатының тексеру косиссисының төрағасы, IV шақырылған Тасқала аудандық мәслихатының хатшысы қызметтерін атқарған.
«Қазақстан Конституциясына 10жыл» медалімен марапатталған.
III, IV шақырылған Тасқала аудандық мәслихатының депутаты.
Жолдасы Сабила апамызбен 1 қыз екі ұл сүйіп, өсіріп, тәрбиелеп, бүгінгі күнде немере және жиен сүйіп отырған бақытты ата – әже. 2011 жылдан бері зейнеткерлікте. Ағамызды Қазақстан Республикасының Конституциясы күнімен шын жүрегімізден құттықтап, отбасы амандығын, балаларының қуанышына бөленіп отыра беруін тілейміз.
