«Nur Otan» Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел өркендеуінің берік негізі» атты Жолдауы мен «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!» атты Сайлауалды бағдарламаның іске асырылуына жүйелі қоғамдық бақылауды қамтамасыз ететін болады.📷Бұл туралы билеуші партия Төрағасының Бірінші орынбасары Бауыржан Байбек Facebook-тегі парақшасында айтты.Б.Байбек өз постында 3 негізгі мәселеге назар аударды.📷Оның айтуынша, біріншіден, Мемлекет басшысының ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы тұсында жасаған бұл Жолдауы басымдықтарды айқындап, мемлекет пен қоғамның әрі қарай даму бағытын белгілеп қана қоймай, сонымен бірге осы жылдар аралығында жүріп өткен жолымызды да қорытындылайды.«Қасым-Жомарт Кемелұлы Жолдауының басында айтқандай, «Қазақстан Тұңғыш Президентімі…