Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Алматы қалалық Мәслихат депутаты Қайрат Құдайберген азаматтармен онлайн қабылдау өткізді

Бүгін, Жетісу ауданы «Nur Otan» партиясы филиалының қоғамдық қабылдау бөлімінің ұйымдастыруымен, Алматы қалалық Мәслихат депутаты Қайрат Құдайберген азаматтармен онлайн қабылдау өткізді. Қабылдау барысында жалғызбасты аналар мен отбасында мүмкіндігі шектеулі баласы бар ана және тұрғын үй мәселесі бар азаматтардың арыз-өтініштері тыңдалды. Депутат тарапынан азаматтардың арыз-өтініштері бойынша ауызша түсініктемелер мен тиісті ұсыныстар берілді. Алматы қаласының тұрғын үй саясаты басқармасына өтініш иесі Гүлзат Амирханованың 4 жылда кезекте тұрған мерзімі туралы ақпарат аудандық филиалдың қадағалауына алынып, депутаттық сауал жолдау туралы нұсқау берілді.

1
0
255

Осы тақырып бойынша

Алматы қалалық Мәслихат депутаты Қайрат Құдайберген азаматтармен онлайн қабылдау өткізді - Yvision.kz